ЯСОННЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУI ЖӘНЕ ТӘРБИЕСI

ЯСОННЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУI ЖӘНЕ ТӘРБИЕСI
Афамант патшасының iнiсi Кретей Фессалия120 көгiлдiр теңiз шығанағының жағалауында Иолк қаласын тұрғызған. Қала бiрте-бiрте өсiп, үлкейе бердi. Құнарлы жерi, сауданың өрiстеуi, теңiзге шығу арқасында ол ағыл-тегiл байлыққа ие болды. Иолкке Кретей өлген соң баласы – Эсон билiк жүргiздi. Бiрақ оның бiр шешеден туған iнiсi, Посейдонның баласы Пелий билiктi одан тартып алды да, Эсон қаланың қарапайым азаматының бiрi сияқты тұруға мәжбүр болды.
Көп кешiкпей Эсон ұлды болды. Керемет бала. Күндердiң күнiнде Иолкты басқаратын заңды ие осы болғандықтан өркөкiрек әрi қатыгез Пелий өлтiртiп жүрер деп қорқып, Эсон ұлын жасыруға тырысты. Бала туысымен өлдi деген лақап таратып, тiптi өлген ұлдың рухына деп ағыл-тегiл ас та бердi. Ал баланы өзi Пелион тауының беткейiн мекендейтiн кентаврлардың iшiндегi ең данышпаны Хиронның тәрбиесiне тапсырды. Бала тау үңгiрiнде, орман арасында өсе бердi. Баланы Хирон, оның шешесi Филира, әйелi Харикло тәрбиеледi. Кемеңгер Хирон оған Ясон деп ат қойды. Хирон Ясонды қылыштасуға, найзаласуға, садақ тартуға үйреттi. Ясонның ептiлiк пен жүректiлiк жағынан тiптi теңдесi жоқ, ал сұлулығы перiштеден кем емес едi.
Ясон жиырмаға толғанша Хиронның қолында тұрды. Ақыры Пелион өңiрiндегi оқшаулық өмiрдi тастап, Иолкке баруға, Пелийдiң бұған тиiстi заңды билiктi қайтарып беруiн талап етуге бекiндi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *