АНИОН (грек.anion — жоғары қозғалғыш)

АНИОН (грек.anion  — жоғары қозғалғыш) — бір немесе бірнеше атомнан тұратын теріс зарядты бөлшектер (иондар). А-дар хим. реакцияларда катализатор рөлін атқарады, электр өрісінде электр тогын оң электродқа (анодқа) қарай тасымалдайды. Соңғы құбылыс ерітінділердің электролизі кезінде де байқалады. А-дар (катиондармен бірге) геохим. технол. және тірі организмде болатын процестерде үлкен маңыз атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *