БЕЛЛЕРОФОНТ


Гомердiң «Илиада» қиссасы мен Пиндардың өлеңдері бойынша баяндалған.

Сизифтiң қаҺарман Главк деген ұлы болды, ол әкесi өлгеннен кейiн Коринфте билiк жүргiздi. Ал Главктың Беллерофонт деген ұлы болды, ол Грецияның асқан зор қаҺарманда рының бiрi едi. Беллерофонт құдайлар сияқты сұлу және батырлығы жағынан мәңгi жасайтын құдайлармен тең түстi. Жас жiгiт кезiнде Беллерофонт бiр бақытсыздыққа душар болды: абайсызда Коринфтiң бiр азаматын өлтiрiп алды да, туған қаласынан қашуға тиiс болды. Ол Тиринф патшасы Пройтқа қашып барды. Тиринф патшасы батырды зор қошеметпен қарсы алып, қан төккен күнәсынан тазартты. Бiрақ Беллерофонт Тиринфте ұзақ тұра алған жоқ. Пройттың әйелi, құдайлармен пара-пар Антейя оның сұлулығынан есi кеттi. Бiрақ Беллерофонт әйел махаббатын қабылдамай қойды. Мiне, сол кезде патша әйелi Антейя Беллерофонтқа қатты өшiктi де, оны өлтiруге ұйғарды. Ол күйеуiне келiп былай дедi:
– О, падишам! Беллерофонт сенi қорлап масқара етiп отыр. Сен оны өлтiруiң керек. Ол сенiң жарың менi сүйемiн деп, әбден мазалап болды. Қонақжайлығың үшiн саған көрсеткен сыйы осы болды.
Пройт қатты ашуланды, алайда өз қонағына өзi қол көтере алмады, өйткенi қонақжайлықтың қамқоршысы Зевстiң қаҺарынан қорықты. Пройт Беллерофонтты қалай өлтiрсем екен деп ұзақ ойланды. Ақырында Антеяның әкесi, Ликия69 патшасы – Иобатқа хат жазып оны сонда жiберуге ұйғарды. Екi бүктелiп, қатталып, бекiтiлген тақтайшаға жазылған бұл хатында Пройт Иобатқа Беллерофонттың өзiн қалай қатты қорлағанын айтып, осы қылығы үшiн одан кек алуды өтiндi. Өзiне қандай қатер төнiп тұрғанын бiлмеген Беллерофонт хатты алып, Иобатқа жүрiп кеттi.
Ұзақ жол жүрiп Беллерофонт Ликияға келдi. Иобат жас қаҺарманды қуанышпен қарсы алып, оның құрметiне тоғыз күн той жасады. Ақырында Иобат оның мұнда келген мақсатын сұрады. Беллерофонт асып-саспастан Ликия патшасына Пройттың хатын бердi. Иобат қатталып, бекiтiлген екi қабат тақтайшаны алып, ашып көрдi. Хатты оқыған соң оның бойын үрей биледi. Ол осынау тоғыз күн iшiнде өзi жақсы көрiп қалған жас батырды өлтiруге тиiс екен. Бiрақ Пройт сияқты, Иобаттың өзi де қонақжайлықтың қасиеттi ғұрпын бұза алмады. Беллерофонтты өлтiру үшiн, ол батырды сөзсiз өлiм қатерi бар ерлiк жасауға жiбермек болды. Иобат Беллерофонтқа қаҺарлы құбыжық Химераны өлтiрудi тапсырды. Ол қорқынышты Тифон мен алып Ехиднадан туған едi. Химераның алдыңғы жағы арыстан, орта денесi – жабайы таутеке, ал артқы жағы – айдаҺар едi. Ол үш аузынан да отжалын шашып тұратын. ҚаҺарлы Химерадан ешкiм де қашып құтыла алмайтын. Оның жақындағанының өзi-ақ ажал әкелетiн.
Беллерофонтты қауiп-қатерлi бұл ерлiк сапары тоқтата алған жоқ – құдiреттi қаҺарман батыл түрде тапсырманы орындауға кiрiстi. Ол Персей өлтiрген горгона Медузаның денесiнен ұшып шыққан қанатты ат – Пегасты қолына түсiрген адамның ғана Химераны жеңе алатынын бiлдi. Бұл ғажайып атты қайдан табу керек екенiн де бiлетiн. Пегас Акрокоринфтiң70 шыңына жиiжиi түсiп, сол жерден Пирена бұлағынан су iшетiн. Беллерофонт, мiне, сол жерге жүрiп кеттi. Ол бұлаққа бұлттың ар жағынан келiп түскен Пегас Пиренаның сұпсуық, кристалдай мөп-мөлдiр суына шөлiн қандырып жатқан кезде келiп жеттi. Веллерофонт Пегасты ұстап алғысы келдi. Оның iзiне күнi-түнi түстi, бiрақ бәрi де сәтсiз болды, ешқандай амал-айла көмектесе алмады.
Пегас Беллерофонттың қолына түспей-ақ қойды. Жас батыр қанатты тұлпарға жақындап келсе-ақ болғаны, ол қуатты қанаттарын қағып, желдей зулап, бұлттың ар жағынан бiр-ақ шығып, қыранға ұқсап қалықтап ұшып жүредi. Ақыры, сәуегей Полиидтiң ақылы бойынша Беллерофонт Пегасты тұңғыш рет көрген жерде, АфинаПалладаның ғибадатханасы жанында, Пирена бұлағының маңында ұйықтап алғалы жатты. Беллерофонт түсiнде құдайлардың аян беруiн бiлгiсi келген едi. Шынында да, оның түсiне Афина кiрiп, оған Пегасты қалай ұстауды үйреттi, алтын жүген ұстатып, теңiз құдайы Посейдонға құрбандық шал деп әмiр бердi. Беллерофонт ұйқысынан оянды. Ол алтын жүгеннiң жанында жатқанын көрiп, таң-тамаша қалды. Беллерофонт бар ықыласымен дұға оқып, әйел құдайға алғыс айтты.
Көп ұзамай-ақ Пирена бұлағына аппақ қардай қанаттарын қағып ғажайып ат ұшып келдi. Беллерофонт қаймықпастан оның үстiне қарғып мiндi де, басына алтын жүгендi кигiзе қойды. Пегас қаҺарманды ауамен желдей жүйткiп ұзақ алып ұшты, ақырында бастығып, сол сәттен бастап Беллерофонтқа адал қызмет еттi.
Батыр Пегасқа мiнiп алып, Ликия тауларына, құбыжық Химера тұрған жерге қарай самғай жәнелдi. Химера дұшпанның жақындағанын сезiп, қаҺарын шашып, тас қараңғы үңгiрден алпамсадай болып жер бауырлап шыға келдi. Оның үш аузынан бiрдей лапылдаған от шығып, айналаның бәрiн қалың түтiн басты. Пегас самғап иесiн шырқау биiкке көтердi де, Беллерофонт жоғарыдан Химераға бiрiнiң соңынан бiрiн жебенi қарша жаудырды. Химера долданып жартастарға соқтығып, оларды төңкерiп тастап, ызаға әбден булыққан соң тау-тасты шарлап, аласұрды. Оның жалыны бәрiн де жайпап жатты.
Беллерофонт өзiнiң қанатты атымен оның қыр соңынан қалмай қойды. Химера қаҺарманның дәл көздеп атқан оғынан еш жерге де жасырына алмады, оқтар барлық жерде де оған дөп тиiп отырды. Беллерофонт ақыры қаҺарлы құбыжықты өлтiрдi де, Иобат патшаға зор мәртебемен қайтып оралды.
Бiрақ Иобат оған тағы бiр тапсырма бердi. Ол қаҺарманды жаужүрек солимдерге71 қарсы жұмсады. Солимдерге қарсы шайқастарда көптеген қаҺармандар қаза тапты, бiрақ Беллерофокт оларды да жеңiп шықты. Ал Иобатқа бұл да аз болды, өйткенi оның ойы батырды мерт қылу ғой. Сондықтан ол оны жеңiмпаз амазонкаларға қарсы жұмсады. Беллерофонт ол соғыстан да жеңiспен оралды. Сол кезде Иобат қайтып келе жатқан Беллерофонтқа Ликияның ең күштi деген ерлерiн жұмсап, қапысын тауып, оны өлтiрудi тапсырды. Ливиялықтар батырды алдап-сулап, таса жерге алып келдi, бiрақ ол бұл жерде де аман қалды. Ликияның ең күштi деген ерлерiнiң бәрi де Беллерофонттың қолынан қаза тапты. Сонда ғана Иобат өзiнiң қонақ ретiнде қандай ұлы батырды дұрыс қабылдамағанын мойындады. Ол даңқы шыққан жеңiмпазды зор қошеметпен қарсы алды. Иобат оған өзiнiң қызын әйелдiкке берiп, жасауына деп жарты патшалығын сыйлады. Ал ликиялықтар болса Беллерофонттың қарамағына ең шұрайлы жерлерiн бөлiп бердi.
Беллерофонт сол кезден бастап Ликияда қалып қойды да, онда құрмет пен даңққа бөленiп, өмiр сүрдi. Бiрақ ол өз өмiрiн қайғылы аяқтады. Ұлы қаҺарман тым тәкаппар болып кеттi. Даңқ басын айналдырғаны соншалық, олимпиялық құдайлармен тең болғысы келдi. Беллерофонт өзiнiң қанатты аты Пегасты мiнiп, мәңгi жасайтын құдайлар тұратын сәулеттi Олимпке ұшып шығуды ұйғарды. Осындай асылығы үшiн Зевс Беллерофонтты жазалады. Найзағай құдайы қанатты Пегасқа құтырынған ашу-ыза жiбердi. Беллерофонт үстiне мiнiп, Олимпке ұшпақ болған кезде, Пегас оны жерге аударып тастап жiбердi. Жерге құлап түскен әйдiк каҺарман ақыл-есiнен айырылды. Есалаң күйiнде ол күллi жердi кезiп көп каңғырды, ақыры ажал құдайы қара түнек Танат қара қанаттарымен ұшып келiп, оның жанын алды. Осылайша ұлы батыр Беллерофонт қайғылы аруақтар патшалығына келiп түстi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *