АНИМАЛИСТІК ЖАНР

АНИМАЛИСТІК ЖАНР (лат. Animat — хайуанат деген сөзінен шыққан) — графикадағы, кескіндемедегі, мүсіндегі жан-жануарлар бейнесімен өрнектелетін мәнер. Алғашқы қауымдық өнердегіжартас кескіндемесінен жануарлар бейнесін байқауға болады. Сақ, скиф дәуірінде аң нақышында жасалған туындыларпайда болған. Алматы маңынан табылған “түйе” мүсіншесі, Маңғыстау өңіріндегі “қойтас”, “қошқартас” ескерткіштері қазақ халқының дәстүрлі өнерінде жан-жануарларды бейнелеу, мүсіндеу ертеден қалыптасқандығын аңғартады. Қазақстан суретшілері А. ж-да елеулі шығармалар берген. Мыс., Ә. Қастеевтің “Бие сауу” (1936), Ә. Ысмайыловтың “Дала жайрандары” (1972), С. Айтбаевтың “Жайлаудағы түйелер” (1976) картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *