ПАНДОРА

ПАНДОРА
Прометей адамдар үшiн от ұрлап, оларды өнер мен кәсiптерге үйретiп, бiлiм берген кезде, жердегi өмiр бақыттырақ бола түстi. Прометейдiң қылығына ыза болған Зевс оны аяусыз жазалап, ал жердегi адамдарға зұлымдық жiбердi. Ол ұста құдай Гефестке су мен топырақты араластырып, осы қоспадан нәзiк үндi, мәңгi жасайтын әйел құдайлардай ұшқын атқан көзi, адамдар сияқты күшi бар әдемi қыз жасауға әмiр бердi. Зевстiң қызы Афина Паллада бұл қыз үшiн әдемi киiм тiгугеө махаббат құдайы Афродита оған ғажайып көрiк беругеө Гермес қулықты бiлетiн ақыл-ой мен ептiлiк дарытуға тиiс болды.
Құдайлар Зевс әмiрiн сол сәтте-ақ орындады. Гефест ғажайып сұлу қыз жасады. Оған құдайлар жан салды. Хариталармен бiрге Афина Паллада қызға күн тәрiздi жарқыраған киiм кигiзiп, алтын алқа тақты. Бапшылар (орылар) оның жiбектей толқыған бұйра шашына мәңгi хош иiстi гүлдерден гүлдесте кигiздi. Гермес оны қулық пен ептiлiкке үйреттi. Құдайлар Пандора деп атады, өйткенi ол бәрiнен сыйлық алған едi60.
Адамдарға деген бұл зұлымдық әзiр болған кезде Зевс Герместi Пандораны жерге, Прометейдiң туысы – Эпиметейге апарып бер деп жұмсады. Ақылды Прометей өзiнiң ақылсыз туысына найзағай құдайы Зевстен сыйлық алушы болма деп талай рет ескертiп, ақыл айтқан болатын. Ол бұл сый адамдарға қайғы әкеледi деп қорқатын едi. Бiрақ та Эпиметей ақылды туысының кеңесiн тыңдаған жоқ. Пандораның сұлулығына елтiп, әйелдiкке алды. Эпиметей көп ұзамай-ақ Пандораның адамдарға қаншама жамандық әкелгенiн бiлдi.
Эпиметейдiң үйiнде бетi ауыр қақпақпен жабылған бiр үлкен ыдыс тұратынө бұл ыдыстың iшiнде не бар екенiн ешкiм бiлмейтiн және оны ашуға да еш жанның батылы бармайтын, өйткенi мұның қауiптi екенiн бәрi де түсiнетiн. Әуесқой Пандора ешкiмге бiлдiрместен ыдыстың қақпағын ашты да, бiр кезде оған салып қойылған зұлымдық атаулының бәрi бүкiл жер бетiне тарап кеттi. Орасан зор ыдыстың түбiнде тек жалғыз Үмiт қана қалды. Ыдыстың қақпағы қайтадан жабылып қап, Үмiт Эпитемейдiң үйiнен ұшып шыға алмай қалып қойды. Найзағай құдайы Зевс оның шығуын қаламаған едi.
Бұрын адамдар зұлымдық, ауыр еңбек және апатты аурулар дегендi бiлмей, бақытты өмiр сүрiп келген едi. Ендi олардың арасына орасан қисапсыз ауыртпалықтар тарады. Жер де, теңiз де зұлымдыққа толды. Зұлымдық та, аурулар да адамдарға шақырусыз күндiз де, түнде де жетiп кеп, өздерiмен бiрге азап ала келдi. Олар келгенде аяқ басысы бiлiнбей, үн-түнсiз келедi, өйткенi Зевс оларға тiл берген жоқ болатын. Зұлымдық пен ауруларды ол мылқау етiп жаратты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *