МИДАС

МИДАС
Овидийдiң «Метаморфоза» поэмасы бойынша баяндалған.

Бiрде ақжарқын Дионис менадалар мен сатирлердiң улап-шулаған тобымен бiрге Фригиядағы53 Тмолдың орманды құз-жартастарын аралап жүрдi. Дионис нөкерлерiнiң iшiнде тек Силена ғана жоқ едi. Ол бұларға iлесе алмай қалып қойып, қатты мас болғандыңтан, қадам басқан сайын сүрiнiп, Фригия даласымен iлбiп келе жатқан едi. Оны шаруалар көрдi де, гүлден өрiлген әлемiшпен жасандырып, Мидас патшаға алып барды. Мидас Дионистiң ұстазын салған бойда-ақ таныды, өз сарайында қошеметпен қарсы алып, тоғыз күн бойы думандатып той жасады. Оныншы күнi Мидас Силенаны Диониске өзi ертiп апарды. Силенаны көрген Дионис қуанышқа бөленiп, өз ұстазына көрсеткен құрметi үшiн Мидасқа не қаласа соны сыйға тартамын деп уәде бердi. Сонда Мидас былай деп үн қатты:
– Оу, ұлы құдай Дионис, сен менiң қолым тиген нәрсенiң бәрiн таза, саф алтынға айналатын етшi.
Дионис Мидастың тiлегiн орындады: ол тек Мидастың өзiне бұдан басқа бiр тәуiрлеу сый таңдай алмағанына ғана өкiнiш бiлдiрдi.
Көңiлi судай тасып, Мидас кеттi. Алған сыйына қатты қуанған ол еменнiң жасыл бұтағын жұлып едi – қолындағы бұтақ алтынға айналды. Далада бидай сабағын жұлып алып едi, ол да, оның iшiндегi дәндерi де алтын боп шыға келдi. Ол алма жұлып едi – ол да бейне бiр Гэсперидалар бағынан алынғандай, алтынға айналып кеттi. Мидастың қолы тиген нәрсенiң бәрi сол сәтте алтынға айнала бердi. Қолын жуған кезде, одан тамшылаған су да алтын болып төгiлдi, Мидастың кеудесiн шаттық кернедi. Мiне, ол өз сарайына келген. Қызметшiлерi мәз-мәйрам Мидасқа бай той дастарқанын дайындап қойыпты. Ал ол өзiнiң Дионистен қандай сұмдық сыйлық сұрап алғанын тек осы жерде ғана түсiндi. Мидастың қолы тиiп кеткен нәрсенiң бәрi алтынға айналып отырды. Аузына салған нан да, барлық басқа дәмдi тағамдар да, шарап та алтын бола бердi. Мидас өзiне аштан өлуге тура келетiнiн түсiндi. Ол екi қолын көкке созды да, айқай салды:
– Оу, Дионис, рақым ет! Кешiр менi! Мен саған рақымшылық жаса деп жалынамын! Мына сыйлығыңды қайтып ала көр!
Дионис жетiп келдi де, Мидасқа:
– Пактолдың54 бастауына бар да, оның суына денеңдегi осы сыйлық пен кiнәңдi жуып таста, – дедi.
Мидас Дионистiң әмiрi бойынша Пактол бастауына барып, оның таза суына шомылды, су Мидастың денесiндегi Дионис берген сыйды жуып әкеттi. Сол кезден берi Пактолда алтын пайда болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *