ТИРРЕН ТЕҢIЗ ҚАРАҚШЫЛАРЫ

ТИРРЕН ТЕҢIЗ ҚАРАҚШЫЛАРЫ
Гомер әнұраны мен Овидийдiң «Метаморфоза» поэмасы бойынша баяндалған.
Дионис Тиррен теңiз қарақшыларын да жазалады, бiрақ жазалағанда өзiн құдай деп танымағаны үшiн ғана емес, олардың өзiне қарапайым адам деп қарап, зұлымдық жасамақ болған әрекетi үшiн осылай еттi.
Бiрде жасөспiрiм Дионис көгiлдiр теңiз жағалауында тұрған. Теңiздiң самал желi оның бұйра қара шашын еркелете сипап, жас құдайдың сымбатты иығына жамылған алқызыл шапанын жай ғана сыбдырлата берген. Алыстан теңiзде жүзген кеме көрiндiө ол жағаға жедел жақындап келе жатты. Кеме тiптi таяп келген кезде ғана теңiзшiлер (ал бұлар тиррен теңiз қарақшылары едi) құлазыған жағадағы сұлу жас жiгiттi көрдi. Олар тездетiп жетiп, жағаға шығып, Дионистi бас салып ұстады да, кемеге алып кеттi. Қарақшылар өздерiнiң құдайды тұтқынға алғанын сезген де жоқ. Олар осындай олжаның қолға түскенiне қатты қуанды. Мұндай сұлу жас жiгiттi құлдыққа сатып, көп алтын алатындарына кәмiл сендi. Кемеге келген соң қарақшылар Дионистi ауыр шынжырмен бұғаулап тастағысы келiп едi, бiрақ онысы жас құдайдың қол-аяғынан сусып түсе бердi. Ол болса сол отырған күйi қарақшыларға жайбарақат күлiп қарады да қойды. Көрiмшi жас жiгiттiң қолынан шынжырдың сусып түсе бергенiн көрген соң үрейi ұшып, өз жолдастарына былай дедi:
– Бейбақтар! Бiз не iстеп қойдық десеңшi! Құдайдың өзiн бұғаулағалы тұрғамыз жоқ па? Қараңдаршы, тiптi кемемiздiң өзi әрең көтерiп тұр ғой! Бұл Зевстiң өзi, не күмiс садақты Аполлон, немесе жер сiлкiндiретiн Посейдон емес пе екен? Жоқ, бұл жай қарапайым адамға ұқсамайды! Бұл сәулеттi Олимпте тұратын құдайлардың бiрi! Тезiрек қоя берiңдер, жағалауға түсiрiңдер. Ол дүлей желдердi шақырып, теңiзде жойқын дауыл тұрғызып жүрмесiн!
Бiрақ капитан ақылгөй корымшыға дүрсе қоя бередi.
– Сұмырай! Қарашы, жел оңынан соғып тұр ғой! Бiздiң кемемiз тұңғиық теңiз толқындарымен құстай ұшып келедi. Ал жас жiгiт туралы кейiнiрек ойластырып көрермiз. Бiз Египетке не Кипрге немесе гиперборейлердiң елiне барған соң сатып жiберемiз: бұл жас жiгiт сол жерден өз достары мен туыстарын iздестiрiп көрсiн. Жоқ, мұны бiзге құдайларың өздерi жiберiп отыр!
Қарақшылар желкендi көтердi де, кеме ашық теңiзге шықты. Кенет таңғажайып оқиға болды: кеме iшiне жұпар иiстi шарап төгiлдi де, бүкiл ауа хош иiске бөлендi. Қарақшылар таңданғаннан сiлейiп қатты да қалды. Мiне, желкендерде ауыр жемiстi жүзiм шыбықтары пайда болдыө дiңгек жасыл шырмауыққа оранды: барлық жер керемет жемiс-жидекке толып, ескектер гүлге бөлендi. Үрейлерi ұшқан қарақшылар кемеңгер көрiмшiге тезiрек жағалауға қарай бұр деп жалбарынды. Бiрақ кеш едi! Жас жiгiт арыстанға айналды да, үрейдi ұшыра ақырып, көздерi от шашып, палубаға тұра қалды. Кеме палубасында жүнi бұрқыраған бiр аю пайда болдыө ол да аузын ақсита ашты. Үрейi ұшқан қарақшылар кеме кемерiне жабысып, көрiмшiнiң маңына ұйлығысты. Арыстан атылған күйi капитанға тарпа бас салды да, жарып тастады. Құтылудан үмiтiн үзген қарақшылар бiрiнiң соңынан бiрi теңiз толқынына секiрдi, Дионис оларды дельфиндерге айналдырып жiбердi. Ал көрiмшiге кешiрiм бердi. Ол өзiнiң бұрынғы қалпына түстi де, жылы жүзбен күлiмдеп, корымшыға:
– Қорқушы болма! Мен сенi жақсы көрiп қалдым.
Мен найзағай құдайы Зевс пен Кадмның қызы Семеланың ұлы Диониспiн! – дедi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *