ЛИКУРГ

ЛИКУРГ
Дионистiң әмiрiне жердегiлердiң бәрi бiрдей бас ие бермейдi. Көп реттерде, оған кездескен қарсылықтарды жеңiп қайсыбiр елдер мен қалаларды күшпен бағындыруға тура келедi.
Бiрде Дионис өзiнiң серiктерi менадалармен бiрге саялы алқапта көңiлдене той-тойлап, билеп жатқан кезде оған эдондардың51 қатыгез патшасы Ликург тап берiп, шабуыл жасады. Үрей билеген менадалар Дионистiң қасиеттi ыдыстарын жан-жаққа лақтырып қаша жөнелдi; тiптi Дионистiң өзi де қашуға мәжбүр болды. Түп iзiне түскен Ликургтен құтылу үшiн ол теңiзге қойып кеттi, онда оны әйел құдай Фетида паналатты.
Жас құдайды жәбiрлеуге батылы барған Ликургтi Дионистiң әкесi найзағай құдайы Зевс қатты жазалады, Зевс Ликургтi су қараңғы соқыр қылып, өмiрiн өксiттi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *