ТҮН, АЙ, ТАҢ ЖӘНЕ КҮН

ТҮН, АЙ, ТАҢ ЖӘНЕ КҮН
Қар аттар жегiлген қос доңғалақты арбаға отырып Түн құдайы – Нюкта аспанды баяу аралап келе жатады. Ол жер бетiне өзiнiң қара жамылғысын жапқан. Айнала төңiректiң бәрiн қараңғылын тұмшалаған. Әйел құдай Түннiң күймесi төңiрегiнде жұлдыздар топталып, жыпылық тап жерге әлсiз сәуле төгедi. Бұлар әйел құдай Таңның жасөспiрiм ұлдары – Эос пен Астрея. Жұлдыздар көп-ақ, олар бүкiл қараңғы түнгi аспанда самсап тұр. Мiне, шығыстан жұмсақ, ұлпа сәуле көрiндi. Ол сәуле барған сайын күшейе түстi. Бұл – аспанға көтерiлiп келе жатқан әйел құдай Ай – Селена. Шаңырақ мүйiздi өгiздер оның күймесiн аспан арқылы ақырын жүргiзiп келедi. Әйел құдай Ай өзiнiң ұзын, аппақ киiмiмен, бас киiмiндегi ай орағы белгiсiмен күймесiнде байсалды, әрi асқақ отыр. Ол ұйықтап жатқан жерге бейкүнә сәулесiн жiберiп, дүниенiң бәрiн күмiс шұғылаға бөлейдi. Аспан күмбезiн айналып шыққан соң әйел құдай Ай Кариядағы Латма тауының терең үңгiрiне келiп кiредi. Онда мәңгi қалғып сұлу Эндимион42 жатыр. Селена оған ғашық. Селена оның үстiне еңкейiп, еркелетедi, сүйiспеншiлiк сөздерiн сыбырлайды. Бiрақ оны қалғып жатқан Эндимион естiмейдi, сол себептi де Селена қайғылы, оның жерге төгiп тұрған сәулесi де мұңлы.
Бiрте-бiрте таң жақындап келедi. Әйел құдай Ай аспан күмбезiнен әлдеқашан түскен. Шығыс жақ бозамықтана бастады. Шығыста Таң – Эостың жаршысы –Форос, таң жұлдызы жарқырап жанады. Дүниенi самал жел желпiп өттi. Шығыс жақ барған сайын қызара түсуде. Мiне, алқызғылт саусақты әйел құдай Таң-Эос қақпаны ашты, ендi одан көп ұзамай көлiгiне отырып нұр шапақты құдай Күн-Гелиос шығады. Алқызыл киiм киiнген, алқызыл қанаттарымен әйел құдай Таң қызғылт сәуле төгiлген жарық аспанға ұшып шығады. Әйел құдай алтын құмырадан жерге шық төгедi. Сөйтiп шық шөптер мен гүлдерге алмастай жылтыраған тамшылар шашады. Жердегiнiң бәрi хош иiске бөленiп, барлық жерде шуақ лебi еседi. Оянған жер күн құдайы – Гелиосты қуанышпен қарсы алады.
Нұр шапақты Гелиос құдай Гефест сомдап соғып берген қанатты төрт ат жегiлген, алтын күймеге отырып, Мұхит жағалауынан аспанға көтерiледi. Таудың құзар бастарына шығып келе жатқан күн сәулесi алқызыл шапаққа бөлеп, шыңдар құдды отқа оранғандай жалындап көрiнедi. Күн құдайын көрген кезде жұлдыздар аспан күмбезiнен қашып, бiрiнен соң бiрi қараңғы түн құшағына сүңгiп, жоғалып жатады. Гелиостың күймесi барған сайын жоғарылай түседi. Нұр шапақты тәж бен жарқыраған ұзын киiм киген ол аспанмен жүрiп келе жатып, жерге өзiнiң тiршiлiк нұрын төгедi, оған жарық пен жылу және өмiр бередi.
Өзiнiң бiр күндiк жолын жүрiп өткен соң күн құдайы Мұхиттың қасиеттi суларына келiп түседi. Онда оны алтын қайық күтiп тұрады, ол соған отырып, кейiн қарай өзiнiң ғажайып сарайы тұрған Шығыс жаққа, күн елiне бет алады. Гелиос келесi күнi бұрынғы жарқыраған қалпында қайтадан шығу үшiн сарайында түнi бойы дем алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *