ГИМЕНЕЙ
Афродитаның тағы бiр көмекшiсi және серiгi бар, ол – жас неке құдайы Гименей. Ол ұдайы үйлену тойлары шеруiнiң алдында, аппақ қанаттарымен самғап ұшып келе жатады. Оның қасында неке алауының жалыны жарқырап жанып тұрады. Қыздар хоры үйлену тойы кезiнде Гименейдi шақырып, одан жас жұбайлардың некесiне бата берудi және оларды өмiрде қуанышқа бөлеудi өтiнiп сұрайды.