АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ (грек.аn — сыз, сіз, емес қосымшасы және aisthesis — сезім, logos — ғылым) — клиникалық медицина ғылымының органдарды уақытша жансыздандыру мәселелерін зерттейтін саласы. Аумақтық жансыздандыру (анестезия) тәсілдері 19 ғ-дан белгілі. Қазіргі заманғы А-ның негізін салған ағылшын ғалымы Ю.Сноу (1813 — 1858) болды. Ол алғаш рет медицинада эфирлі және хлороформды наркоз пайдаланған. Қазақстанда А. ғылымына проф. А.Тоғайбаев көп үлес қосты. Оның басшылығымен ісікті емдеу кезінде пайдаланылатын наркоздың адам организміне әсері зерттелді. А-ның ең негізгі мақсаты — хирург. Операцияның барлық кезеңдерінде науқастың қауіпсіздігін сақтау және зақымданған органның ауруын жеңілдету, әрі сол органдардың жұмысын бұрынғы қалпына кежіру. А. жалпы А. және аумақтық А болып екіге бөлінеді. Жалпы А-да адам есінен танады, бүкіл дене сезімінен айырылады. Мұнда сезімталдықты жоятын наркотикалық дәрі-дәрмектер қолданылады. Аумақтық А-да адам есі сақтала отырып, дененің белгілі бір бөлігінде ғана дәрілер арқылы сезімталдық жойылады. Қазіргі А-ның негізгі ғыл. бағыты —жансыздандыратын дәрілердің жаңа түрін шығару, олардың пайдалы, зиянды әсерлерін зерттеу, наркоз беретін құралдарды (аппараттарды) жетілдіру. Қазір Республикада “Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтар қауымдастығы” жұмысістейді.