ЗЕВСТIҢ КРОНДЫ ҚҰЛАТУЫ. ОЛИМП ҚҰДАЙЛАРЫНЫҢ ТИТАНДАРМЕН КҮРЕСI

ЗЕВСТIҢ КРОНДЫ ҚҰЛАТУЫ.
ОЛИМП ҚҰДАЙЛАРЫНЫҢ ТИТАНДАРМЕН КҮРЕСI
Зевс өсiп, ер жетiп келе жатты. Ол өз әкесiне қарсы бас көтерiп, жұтып қойған бауырларын қайтадан жарық дүниеге келтiруге мәжбүр еттi. Крон өзiнiң құдай балаларының бiрiнен соң бiрiн аузынан қайта шығарып жатты. Олар дүниеге билiк жүргiзу үшiн Кронмен және титандармен күрес жүргiзе бастады.
Бұл сұмдық сұрапыл күрес болды. Кронның балалары биiк Олимпке орнығып қалды. Кейбiр титандар, ал бұлардың iшiнен бiрiншi болып титан Мұхит пен оның қызы Стиск балалары Ынтазар, Қуат, Жеңiспен бiрге солардың жағына шықты. Олимптегi құдайлар үшiн бұл күрес қауiптi болды. Олардың дұшпандары құдiреттi әрi қаҺарлы едi. Бiрақ Зевске жалғыз көздi дәулер көмекке келдi. Олар оған найзағай мен жай жасап бердi. Зевс бұларды титандарға лақтырып жатты. Күрес он жылға созылды, бiрақ екi жақ та жеңiске жете алмады. Ақырында Зевс жер қойнауындағы жүз қолды алыптар – гекатонхейрлердi азат етiп, көмекке шақыруға бел буып, олар жантүршiгерлiк шайқасқа кiрiсiп те кеттi.
Олар таулардан тұтас жартастарды жұлып алып, титандарға атты. Титандар Олимпке таяп келген шақта қарсы алдынан жүздеген жартастар ұшып жатты. Жер күңiренiп, ауа гүрс-гүрс үнге толды, төңiрек түгел солқылдап тұрды. Тiптi Тартардың өзi де бұл айқастан түршiгiп дiрiл қақты.
Зевс шашқан найзағайлар мен құлақ тұндыра гүрсiлдеген жай оттарын бiрiнен соң бiрiн лақтырумен болды. Бүкiл жер отқа оранып, теңiздер қайнады, айналаның бәрiн иiсi күлiмсi қою түтiн басып кеттi.
Ақырында титандар қалтырай бастады. Сағы сынып, жеңiлiске ұшырады. Олимпиялықтар оларды бұғаулап, мәңгiлiк қара түнек Тартарға тастап жiбердi. Құдiреттi титандар Тартардан қашып шықпауы үшiн жүз қолды дәулер – гекатонхейлер Тартардың онсыз да мықты қала қақпаларының алдына күзетте тұрды. Титандар өкiмi сонымен тәмәм болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *