ЗЕВСТIҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУI
Крон билiктiң өз қолында бiржола қалатынына сенiмдi емес едi. Балалары қарсы бас көтерiп, өзiнiң әкесi Уранға iстегенiн алдына келтiредi деп қорықты ол. Сондықтан Крон әйелi Реяға туған балаларының бәрiн өзiне әкелiп тұруға бұйырды да, өз балаларын
өзi аяусыз жұтып қойып отырды. Балаларының тағдырын көрген Рея үрейлене бастады. Бұл кезде Крон бес баланы: Гестияны3, Деметраны4, Гераны, Аидтi (Гадестi) және Посейдонды5 жалмап үлгiрген болатын.
Рея ендi ақырғы баласынан айырылғысы келмедi. Ата-анасы Аспан-Уран мен Жер-Геяның ақыл-кеңесi бойынша, ол Крит аралына кетiп қалып, сол жерде, терең үңгiрде ұлы Зевстi тапты. Осы үңгiрде Рея оны қатыгез әкесiнен жасырып қалды. Кронға ұлының орнына, жөргекке оралған ұзынша сопақ тасты жұтуға бердi. Крон алданып қалғанын сезген жоқ.
Ал Зевс бұл кезде Критте өсiп жатты. Хор қыздары нимфалар Адрастея мен Идея кiшкентай Зевстi мәпелеп күтiп бақты. Олар оны құдiреттi ешкi Амалфеяның сүтiмен асырады. Аралар Зевске биiк Дикта тауының бөктерлерiнен бал жеткiзiп тұрды. Кiшкентай Зевс жылай қалса, үңгiрдi қорғаған жас куреттер6 оның жылаған даусын Крон естiп қоймауы және Зевстiң ағалары мен апаларының кебiн кимеуi үшiн қалқандарды семсермен ұрып, даңғырлататын.