АНЕМИЯ (грек. an — сыз, сіз, емес қосымшасы және һаіmа қан)

АНЕМИЯ (грек. an — сыз, сіз, емес қосымшасы және һаіmа қан) — қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің азаюына байланысты пайда болатын сырқат. А. ұзақ қансырау, қанның құрамындағы эритроциттердің азаюы, қан толықтыратын сүйек кемігі қызметінің нашарлауы, т.б. салдарынан болады. Бұған кейбір жұқпалы аурулардың да әсері бар. Қазақстанда қанның құрамында темірдің жетіспеушілігінен болатын А. көбірек тараған. Ол, әсіресе, аяғы ауыр не емізулі сәбиі бар әйелдерде және жасөспірімдерде жиі кездеседі. Алғашында адам тез шаршап, жүзі қуарыңқы тартады, басы айналып, көзі қарауытады, шашы түсіп сирейді, тырнағы үгіледі, іші өтеді, бор, ізбес, ащы-тұзды тағамдарға әуестенуі артады. Сырқаттың алдын алу шаралары: А-ның себебін тауып, оны емдеу жайын қарастыру, дәрігердің бақылауымен темір элементі қосылған дәрілерді қабылдау. А-ға шалдыққан адамдарға темірге, т.б. минералды элементтерге, витаминдерге бай тағамды ішкен пайдалы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *