АНЕКДОТ

АНЕКДОТ (грек. anekdotos — жарияланбаған) — қысқа, күлдіргі әңгіме, халықтың фольклор жанры. Басты ерекшеліктері — баяндаудың шындыққа жанасымдылығынан гөрі, тапқырлық танытып, әдейі әзілдегі айту шеберлігі. А., көбінесе, нақты адамдар туралы айтылады. Олар екі сипатты, екі ниетті болып келеді. Бір тобы қоғам мүшелерінің жағымды бейнесін, моральдық, психол. биік қасиеттерін паш ету мақсатымен шығарылады. Олар ақыл-парасатпен айтылады, күлдіре отырып, қоғамдағы теріс құбылыстар мен адам бойындағы жағымсыз қылықтарды әжуалап, әңгімеге көңілді сипат береді. Мұның мысалы, Қожанасыр, Алдаркөсе, Жиренше, Тазша бала есімдерімен байланысты А-тар. Екінші топтағы А. арам ниетпен, жат пікірмен, тарихи адамдарды кекету-мұқату мақсатымен, олардын рөлін, халыққа еткен еңбегін төмендету, халық сүйіспеншілігін, жастардың ықылас-еліктеуін әлсірету үшін айтылады. Оларда әлгі адамдар түқыртылып, кездейсоқ ауызға ілінген етіліп көрсетіледі. Мұндай зиянды, астарлы А-тар өзіндік пікір қалыптастыруға жетпеген, саяси жағынан аңғырт, қоғамдағы азаматтық орнын түсінбейтін адамдарды теріс түсінікте қалдырып, дұрыс жолдан тайғызады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *