ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАЙЫНДАҒЫ МИФТЕР
Тәңірдің екпіні тау тұрғызып, теңізді толтырды. Демі жел мен бұлттарға, дауысы күннің күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жаратылды. Жерге нөсер, жаңбыр жіберіп, найзағай шатырлатып, өзі жаратқан Құдайлар мен адамдардың өмір сүруіне бөгет жасайтын жыншайтандарды жасынмен соғып жайратты.
Қазақтардың ұғымында Күннің күркірі – періштенің айқайы, найзағай – оның оғы.
Ол шайтандарды адамдарға жолатпай қуып, жай оғымен атады.