Түнгі аспандағы жұлдыздар
Өткен замандарда жұлдыздар асыл тастан үйілген таулар, ол жер бетіндегі бақытқа әсер етеді деген. Әрбір адамның көкте өз жұлдызы болады екен де, адам өлгенде оның аспандағы жұлдызы да ағып түсетін көрінеді.
Темірқазық
Темірқазық түнгі аспанның шырқау биігі – жоғарғы нүктесінде орналасқан. Кейде Солтүстік жарты шардың осынау орталық жұлдызын Алтын Қазық деп те атайды. Оған Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары.
Үш арқар таразы шоқжұлдызы
Ертеде бір күні аңшылар иттерін ертіп, орманға аң аулауға аттанады. Олар осылайша із кесіп, ұзақ жүреді. Кенет бір алаңқайда алдарынан ғажайып көркем үш арқар шыға келеді. Иттер сол арада тап береді, арқарлар тұра қашады. Олардың соңдарынан аңшылар шаба жөнеледі. Ақыры сиқырлы жануарлар көкке қарғып, жұлдыздар мен кометалардың ара-арасымен заулайды. Иттер де қалыспай, ілесе аспанға көтеріледі. Олар сол кезден бері арқарларды қуалап жүр дейді.
Адамдар көктен үш арқар мен оларды қуалаған иттерді көріп, шоқжұлдызды Үш арқар таразы атап кетіпті.