Үй иесі
Қазақтардың ырымы бойынша, үй иесі – адамға қастық қылатын кемпір. Ол түнде жасырынған жерінен шығып, үйдегі заттардың орындарын ауыстырып, нәрселерді тығып қояды, тарсылдатып, сыбдырлатып, аһылап-үһілеп адамның мазасын алады. Өз үйінде қорқып-үркіп, мәңгілік тыныштығынан айырылуы үшін, адамдардың үрейін ұшыруға тырысады. Егер үйде үй иесі пайда болса, одан құтылудың жалғыз ғана жолы бар. Ол – үйден кетіп қалып, өзеннен өтіп, біршама уақыт арғы жағада күту. Сонда үй иесі де ілесе шығып, суды көргенде сасқалақтап, одан жүзіп өте алмайды, үйге кейін қайтатын жолды ұмытып қалады.