Айна

Айна
Айна – ажал әкелетін әзәзіл әйел. Ол қоныстанған үй қырсықтан арылмайды. Барлығы өліп біткенше ондағы адамдар азып-тозып, ауыра бастайды. Айнадан құтылудың жалғыз амалы – үйден ештеңе, кілем де, төсек те, киім де, ыдыс та алмай, біржола кету. Өйткені, Айна заттардан қалмай қоюы мүмкін.
Еркіліктің жерасты әлемінде әйел кейпіндегі барлық жыншайтандардың падишасы әмір жүргізетін Айна елі бар.
Айна бізге көрінбейтін әлемде тірілердің жандарын ғана емес, өлгендердің жандарын да қуалап жүріп, жұтып қоюға тырысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *