ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ МИФТЕРІ
Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы ғұн (хун) империясы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап ол ыдырап, әлсірей берді, ақыры, құрып тынды. Хун мемлекеті V ғасырда Орхон мен Енисейде қалпына келді, бірақ ол енді Ұлы Түркі қағанаты деп аталды. Сол кезден бері түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қарахандар, қыпшақтар ХV ғасырдың 1468 – 1470 жылдары Қазақ хандығы ірге көтергенге дейінгі аралықта өз мемлекеттерінің негізін қалады.
Тоқсан екіден астам рулар мен тайпалық одақтар қазақтардың ата-бабалары болып табылады.