АНДРЕЕВКА

АНДРЕЕВКА — Ақмола обл- ның Шортанды ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Шортанды кентінің батысында 50 км, Астананың солт.-батысында 110 км жерде орналасқан. Ең жақын т.ж. стансасы — Қараадыр (25 км жерде). Іргесі 1936 ж. қаланған. 1961 ж. құрылған астық кеңшарының орталығы болды. Тұрғыны 1,6 мың адам (1997). А-да орта мектеп, балалар бақшасы, мәдениет үйі, кітапхана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету пункті бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *