АНДРЕЕВ Иван Григорьевич (1743 — 1801) — орыс этнографы, тарихшы. Ұзақжылдар бойы Ямышев, Омбы, Бұқтырма, Өскемен, Семей бекіністерінде әскери қызметте болды. Сібір губернаторының тапсырмасымен қазақтардың шаруашылығы, әдет-ғұрпы, шығу тегі жөнінде нақты деректер жинады. Семейдің топограф. суреттемесін аяқтады. А-тің қазақтар туралы мәліметтері “Новые ежемесячные сочинения ” деген журналда және “Орта жүз қырғыз-қайсақтарының суреттемесі” деген еңбегінде жарияланды. Соңғы жұмыстың 18 ғ-дың 2- жартысындағы қазақтұрмысы жөнінде деректер келтірілуімен қатар этнографиялық мәні бар.