АНДАСАЙ ҚОРЫҚШАСЫ

АНДАСАЙ ҚОРЫҚШАСЫ,Жамбыл обл. Мойынқұм ауд- ның солтүстік бөлігі мен Бетпақдаланың оңтүстігінде орналасқан. Мойынқұм, Бетпақдала шөлдеріндегі, Шу — Іле шөлейтіндегі арқар, таутеке, жабайы шошқа, ақбөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсаттарымен 1966 ж. құрылған. Аум. 1 млн. га. Жер бедері ақ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс, көлемді тақырлар болғандықтан, жануарлар үшін өте қолайлы келеді. Қорықшада балық пен бауырымен жорғалаушылардың 10- нан, құстардың 200-ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпішешен, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік, т.б.) тіршілік етеді. А. қ. Оңт. Қазақстандағы ақбөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. Ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу, т.б.) мен өсімдіктер (Ааьберт жауқазыны, Бетпақдала сылдыршөбі) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *