АНДАМАНДЫҚТАР

АНДАМАНДЫҚТАР — Үндістандағы халық, Андаман аралының тұрғындары. Жалпы саны бірнеше жүз адам. Солт. А (Үлкен Андаман аралында) және Оңт. А. (Кіші Андаман аралында) болып бөлінеді. Ертедегі меланезий нәсілінің үлкен австралоидтар тобына жатады. Бойлары аласа (138 — 148 см шамасыңда). Тілі бірнеше диалектіге бөлінеді. Дж. Гринберг А. тілінің папуас тілдерімен байланысы барлығын ашқан. Көпшілігі табиғат құдіреттеріне табынған дәстүрлі діни сенімдерін ұстанады, христиандар да кездеседі. Жағалаудағы А-дың кәсібі — теңіз тасбақасын, балық, орманды жерлерде — аң аулау. Жағатау А-дары жиі қоныс аударады. Аң аулауға итті пайдаланып, гарпун, садақ қолданады. Туыстық байланысы — ағылшындар үлгісінде. Жергілікті тайпалар бір мекенге шоғырланған, ормандағыларында үлкен ортақ үй болады. Оңт. А-дың үйлері — дөңгелек, солт. А-дың үйлері тік бұрышты. 18 ғ-дың ақырында А. аралын Ұлыбритания жаулап алды. 1857 — 59 ж. Үндістандағы көтеріліске қатысқандарды осында жер аударатын болды. Отаршылдық және жиі-жиі індетке айналған аурулар салдарынан А-дың көбі қырылып, 5 мың адамнан 20 ғ-дың басында жүздеген ғана жан қалды. Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейін Стрейт аралына көшіріліп, өздерінің ежелгі ғұрыптық мәдениетін біржола жоғалтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *