АНДАМАН АРАЛДАРЫ

АНДАМАН АРАЛДАРЫБенгал шыганағы мен Андаман теңізі арасында жатқан Үнді мұхитындағы аралдар тізбегі. Үндістанның иелігінде. Аралдардың жалпы аум. 6,5 мың км2. А. а. түбек тәрізді су асты жоталарының биік шоқылары іспетті. Аралдардың айналасын маржан рифтері қоршаған. Жер үсті бедері жанартаулар әрекетінен тілімденген. Оның ең биік жері — Саул- Пик шоқысы (732 м). Жоталардың шығыс беткейлерінің етегі тымық қойнауларға (бухтаға) айналған. Климаты тропиктік муссондық. Қаңтар айының орташа темп-расы 4°С-ка дейін төмендейді, жазда (шілдеде) ол 26°С-қа дейін жоғарылайды. Ауа өте ылғалды, жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 2000 мм. Аралдардың көпшілігін тропиктік ормандар алып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *