Пластикалық карточкалармен есеп айырысулар есебі.   

. Пластикалық карточкалармен есеп айырысулар есебі.

  

Пластикалық карталар атаулы төлем құжаттары болып табылады, ол банктермен шығарылады және клиент карточка иесі шотындағы қаржылармен қамтамасыз етілген.

            Қолда бар ақшаны қабыладуда пластикалық карточкамен операцияларды жүзеге асыру үшін келесі жазба жасалады:

            Дебет шот 1001 «Кассадағы ақша»

            Кредит шот 2860 «Басқа кредиторлар»

            Коммерциялық банктерде пластикалық карточкалармен операциялар клиенттердің депозиттік шоттарынан жүзеге асырылса, келесідей жазба беріледі:

            Дебет шот 2211-2221 «Клиент депозиттері»

            Кредит шот 2860 «Басқа кредиторлар»

            Одан кейін түскен сомалар клиенттердің карточкалық шотына жіберіледі.

            Өз кезегінде клиенттердің карточкалық шоты қаржылары банкке бармай-ақ кез келген сәтте ақшалай қаржыны алу үшін және әртүрлі қызметті, тауарларды төлеу үшін қолданылады.

            Қазақстан Республикасы территориясында пластикалық карточкалар коммерциялық банктерден айырбастау бөлімдерінен және барлық бөлімшелерінен қолма-қол ақшаны және АҚШ долларын алу үшін, банктік операцияны іске асыруға өкілетті ұйымдарды тауар мен қызметті төлеу үшін қолданылуы мүмкін.

            Карточка бойынша әрбір операция слип көшірмесі жолымен толтырылады.

            Слип – бұл карточка бойынша есеп айырысу үшін тағайындалған фирманың арнайы чегі, ол үш данада өзі қайталанады. Онда карточка иесінің аты-жөні, карточканың қызмет мерзімі, карточканы қабылдаған сауда орнының аты, операция жасалған күн көрсетіледі. Бұл мәліметтер карточкадан арнайы аппараттың көмегімен жазылады. Әрі қарай ұйым жұмысшысы қаламмен анық толтырады:

            -валюта түрін көрсетумен операция сомасын;

            -авторизация кодын.

            Клиент толтырылған слипке карточканы қабылдаған адамның қатысуында қол қоюы керек. Мерзімі өткен карточка қайшымен магнитті жолақтан екіге қиылады. Сонымен қатар карточканы жою туралы екі данада акт жасалады.

            Жұмыс күнінің соңында ұйым қызметкері жиынтық журнал толтырады, онда пластикалық карточкалар бойынша жүргізілген операциялардың барлық сомалары көрсетіледі.

 

  1. Электронды есеп айырысуда есепті ұйымдастыру.

 

            Қазіргі кезде төлем тапсырмаларымен есеп айырысу қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың    негізгі формасы болып табылады, дегенмен де ол жетілдірілмеген. Басты кемшілігі төлеушіден алушыға дейін құжаттардың ұзақ жеткізілуі. Есеп айырысулар Ұлттық Банк арқылы төлем тапсырмаларын өңдеу бойынша тікелей электронды құралдарды қолданумен күнбе күн жүргізілуі мүмкін. 

            Электронды есеп айырысулар қағаз құжаттар ағымын қысқартуға және төлемдердің жылдамдығын қамтамасыз етеді.

            Электронды есеп айырысуды жүргізудің шарттары келесідей болып табылады:

            — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағдарламалық қамтамасыз етілуінің болуы;

            -банк-жөнелтушінің корреспонденттік шотында қаржының қалдығымен төлем сомасын қамтамасыз ету;

            — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен банк –жіберушіге оның шотындағы қалдық туралы күнделікті хабарлама;

            -стандарттарға сәйкес есеп айырысу құжаттарды пайдалану;

            -нақты уақыт тәртібінде төлемді жүзеге асыру.

            Банкаралық электронды есеп айырысуларды жүзеге бойынша өзара арақатынас тәртібі келісіммен реттеледі.

            Электронды есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін негіз барлық реквизиттері толтырылған жаңа бейнедегі төлем тапсырмасы болып табылады.

            Электронды есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі келесідей: банк-жөнелтуші өз корреспонденттік шотынан ақшаны банк алушы шотына есептеу үшін төлем тапсырманы электрон жүйесі арқылы жібереді.

            Электронды есеп айырысулардың ерекшелігі төлем тапсырманы банк-алушы алғаннан кейін және сол күні ақшаларды баланста бейнеленгенін банк жіберушіге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілуі міндетті болып табылады.

            Электронды есеп айырысулар телекоммуникация жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

 

         Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға жауап беріңіз.    

  1. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың қандай түрлері бар?
  2. Төлем тапсырмасымен есеп айырыслардың ерекшелігі қандай?
  3. Пластикалық карточкалармен есеп айырысулардың қажеттілігі туралы не айтасыз?
  4. Слип деген не?

 

            Әдебиеттер:  (1) 141-212 бет,   (2)   54-73 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *