Қосымша құн салығының есебі  

Қосымша құн салығының есебі

 

Дәріс жоспары:

  1. Құжаттармен әртүрлі амалдар орындау.
  2. Шаруашылық операциялар журналдары.
  3. Операциялар журналы.

 

  1. Құжаттау режимі 1С: Бухгалтерия программасында құжаттарды қағазға шығарып қана қоймай, қажетті есептеулер мен бухгалтерлік проводкаларды автоматты түрде құру үшін қолданылады. Құжаттармен әртүрлі амалдар орындау үшін ең алдымен оны толтыру қажет.

            Құжатты операциялар журналына немесе проводкалар журналына енгізу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

  • Журнал терезесіндегі құралдар тақтасынан — кнопкасын таңдаңыз немесе
  • Shift+F9 пернесін басыңыз немесе
  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Құжатты енгізу (Ввести документ)» командасын таңдаңыз.

Пайда болған тізімнен керекті құжатты белгілеп «Ок» кнопкасын басыңыз. Экранға құжаттың керекті деректерін толтыруға арналған бос бланк шығады. «Басу (Печать)» кнопкасын басу арқылы экранға толтырылған құжат блакісін алуға болады. Құжаттарды таңдаудың ең оңай жолы менюдің «Құжаттар (Документы)» режимін таңдау. Құжаттарды «Операциялар журналына», «Құжаттар журналына» тіркеу және проводкаларды құру үшін «Ок» кнопкасын басыңыз.

 

2.Шаруашылық операциялар журналдары.

1С: Бухгалтерия жүйесінде кәсіпорынның шаруашылық операциялары туралы деректер журналдарда сақталады. 1С: Бухгалтерия жүйесінде бірнеші журналдар бар. Журналда әрбір операция бір жолмен берілген, онда сол операцияның болған күні, нөмірі, қысқаша түсініктемесі, сомасы, тағы басқалар берілген.

            Барлық журнал үшін нақты уақытқа, кезеңге, айға, тоқсанға, жылға байланысты ғана деректерді шығаруға байланысты көру аралығы қойылады. Операциялар журналы барлық операцияларды және оның бөлігін белгілі бір шарт бойынша таңдауға, қарап шығуға және өңдеуге мүмкіндік береді. Іріктеу шарты әртүрлі болуы мүмкін. Яғни, талдамалы есептің нақты обьектісі бойынша немесе операциялар сомасы бойынша іріктеуге болады.

            Журналмен жұмыс кезінде нақты операцияға тиісті проводкаларды ғана қарауға болады, ал кері жағдайда журғалға енігзілген барлық проводкалар шығады.

            Журналдарды шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюдің «Журналдар (Журналы)» режимін таңдаңыз. Экранда жүйедегі бар құжаттар журналдарының тізімі шығады. Маустың немесе перненің көмегімен керекті журналдың атауын таңдап «Ок» кнопкасын басыңыз.

            Экранга таңдалған журнал терезесі шығады. Мысалы, Жалпы журнал ( Журнал общий).

  • Күні-операция күні.
  • Уақыты-операция уақыты.
  • Құжат-осы осы оперцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.
  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.
  • Ақпарат-оперцияның түсініктемесі. Оперцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.
  • Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі.
  • өткен құжат.
  • өтпеген құжат.
  • Жойылуға берілген құжат.

 

3.Операциялар журналы.

Енгізілген бухгалтерлік операциялардың тізімін қарау үшін 1С:Бухгалтерия программасында Операциялар журналы қолданылады. Онда әр бір операция күнінен, құжат түрінен, түсініктемесінен, сомасынан тұратын бір жолмен көрсетіледі. Операциялар журналында ағымдағы операцияларын қарап шығу мүмкіндігі бар. Операциялар журналын шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюінің «Журналдар (Журналы)» бөлімін таңдаңыз немесе құралдар тақтасынан — кнопкасын басыңыз. Операциялар журналының сыртқы түрі программаның конфигурациясына байланысты шығады.

            Операциялар журналы терезенің тақырып жолында журналдағы операциялар қандай аралықта көрінетінін білдіретін аралық көрсетілген. Журнал операциясы экранға кесте түрінде бейнеленіп, оның әр бағанасы операция туралы деректерді көрсетеді. Төменде операциялар журналы бағаналарының атауы мен оның мазмұны берілген. Бағана атауы программаның конфигурациясына байланысты.

  • Күні-операция күні.
  • Уақыты-операция уақыты.
  • Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.
  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.
  • Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.
  • Сома-операция сомасы. Осы операцияның жалпы немесе негізгі сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады. Операция сомасы бухгалтерлік нәтижелерге әсер етпейді, олар операцияға қосымша түсініктеме ретінде көрсетіледі. Журналдарды қарау үшін курсорды, басқару пернелерін немесе қарап шығу сызықшаларын пайдаланыңыз. Журналдағы әрбір жол құжат туралы жазыды көрсетеді, олар күні, ал күнінің ішінде құжат енгізілген уақыты бойынша реттелген. Журналдағы жазудың басына және соңына тез өту үщін сәйкес Home және End пернелерін қолданыңыз. Журнал бойынша курсорды жылжыту үшін келесі мына пернелер қолданылады:
  • Ctrl+\ -келесі күні бойынша құжатқа көшу
  • Ctrl+/ алдыңғы күні бойынша құжатқа көшу.

 Проводкалар журналы енгізілген операцияларды бухгалтерлік операциялар тізімі түрінде қарауға мүмкнідік береді. Әр операция бір немесе бірнеше проводкалардан тұруы мүмкін.

            Проводкалар журналын шақыру үшін программаның «Амалдар (Операции)» басты менюдің «Журналдар (Журналы)» бөлімін таңдаңыз. Проводкалар журналы әр жолы проводкалардың корреспонденцияларынан тұратын кесте түрінде бейнеленеді. Проводка журналының бағаналарында проводкаға, сондай-ақ операцияға тиісті проводкаларға байланысты мәліметтер көрсетіледі. Төменде проводка журналының бағаналарының атауы және оның құрамы келтірілген. Бағана атаулары нақты конфигурацияға байланысты болады.

  • Күні-операция күні.
  • Уақыты-операция уақыты.
  • Құжат-осы осы операцияға тиісті құжат атауының түрі. Егер операция қолмен енгізілген болса, онда ол арнайы «Операция» түріне жатады.
  • Нөмір-операция нөмірі. Операция нөмері осы операция құжатының нөмерімен бірдей. Қолмен енгізілген операциялар арнайы «Операциялар» түріне жатады және жеке нөмірленеді.
  • Түсініктеме-операцияның түсініктемесі. Операцияның қысқаша түсініктемесін көрсететін жол.
  • Операция сомасы-операция сомаы. Осы операцияның жалпы немесе негізіг сомасын көрсететін сандық мән. Берілген мәнді пайдаланушы көрсетеді немесе операцияны құжат арқылы жазғанда автоматты түрде құрылады.
  • Проводка номері-операцияға тиісті проводканың реттік номері. Егер проводкалар журналының жолы проводкалардың корреспонденциясынан, яғни, оның бөлігінен тұрса, онда корреспонденция номері екі жолдан тұрады. Нөмердің бірінші бөлігі проводка нөмерін, ал екінші бөлігі «/» символымен белгіленген корреспонденция нөмерін көрсетеді. Мысалы, 3/2 нөмірі – операцияның үшінші проводкасын, проводаның екінші корреспонденциясын білдіреді.
  • Шоттар жоспары-проводканың дебеттік және кредиттік шоттарын анықтайтын шоттар жоспарының атауы.
  • Дебет шоты-проводканың кредиттік шоты.
  • Субконто- проводка субконтосы. Бірнеше бағана болуы мүмкін. Біріншіден, проводкада дебеттік және кредиттік субконто, екіншіден, көп өлшемді талдамалы есеп обьектісі, яғни дебеті мен кредитінде екі немесе одан да көп субконто мәні көрсетілуі мүмкін.
  • Валюта-проводкадағы валюта атауы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Бағам-проводканың ағымдағы валюта бағамы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Саны-проводка саны. Егер конфигурацияда анықталған болса, сандық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Вал.Сомасы-валютамен берілген проводка сомасы. Егер конфигурацияда анықталған болса, валюталық есеп жүргізу үшін қолданылады.
  • Сома-проводка сомасы.

 

  1. Көру аралығы.

            Көру аралығы журналды қарап шығу барысында нақты уақыт аралығында құжаттардың көрінуін анықтайды. Журналдағы жазудың көріну аралығын қою үшін программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Аралық (Интервал)» бөлімін таңдаңыз. Экранға «Журналдың параметрлері (Параметры журнала)» диалогы шығады.

            Сәйкес өріске құжаттардың көріну аралығының бастапқы және соңғы күнін теріңіз. Журналда осы көрсетілген күнге байланысты ғана құжаттар, операциялар, проводкалар шығады.

Журналдағы жазулардың орналасу тәртібі.

            Журналдарды жазу:

  • Күні бойынша
  • Күннің ішінде құжаттың уақыты бойынша,

Егер жүйеге бірнеше құжат бір күнде немесе бір уақытта енгізілген болса, онда олар енгізілген тәртібі бойынша реттеледі.

 

  1. Журналға енгізілген құжаттармен жұмыс.

            Барлық құжаттар «Құжаттар журналына» тіркеледі. Құжаттарды қарап шығуға және түзетуге ашу үшін, журналдағы сол құжатты таңдап Enter пернесін басыңыз. ТҮзету енгізілгеннен кейін оны сақтау үшін «Ок» кнопкасын немесе түзету енгізуден бас тарту үшін «Бас тарту» кнопкасын басыңыз. Бар құжат негізінде жаңа құжат енгізу үшін, журналдағы жаңа құжат енгізуге негіз болатын құжатты таңдаңыз. Программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Негізінде енгізу (Ввести на на основании)»  режимін таңдап және құжаттар тізімінен құжаттың түрін таңдап «Ок» кнопкасын басыңыз. Экранда кейбір деректемелері толтырылған құжаттың түрі шығады, қажетті деректемелерді толтырып журналға жазу үшін «ок» кнопкасын басыңыз. Ал құжатты құжатты көшіру үшін құжаттар журналынан сол көшірілетін құжатты таңдап, менюдегі «Әрекет (Действия)»  пунктіндегі «Көшіру (Копировать)» режимін таңдаңыз. Экранда берілген кестеден керекті деректемелерді түзетіп, оны журналға жазу үшін құжаттар журналынан жойылуға тиістіқұжатты таңдап, программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жою (Удалить)»  режимін таңдаңыз.Оны алып тастау үшін барлық терезелерді жауып менюдің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Белгіленген обьектілерді жою (Удалить помеченных обьектов)» режимін таңдаңыз.

 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары:

  1. Бастапқы қалдықтарды қалай енгізуге болады?
  2. Операциялар журналына өту қалай орындалады?
  3. Журналдан іздеу қалай жүргізіледі?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *