Жазушылар (қысқаша өмірбаян)

Адамбеков Садықбек (1922-2002) – жазушы, ақын, драматург. “Қожанасыр қақпасы”, “Көсенің көзі”, “Аюбайдың ажалы”сықақ жинақтарының, “Атылған қыз туралы аңыз” роман-сатирасының авторы. Жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) – қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, драматург. “Қартқожа”, “Ақбілек” романдарының, “Күнікейдің жазығы” хикаятының, “Ел қорғаны”, “Шернияз”, “Мансапқорлар”, “Қанапия-Шарбану” пьесаларының, “Нұр күйі” поэмасының, бірнеше әңгімелердің авторы. Психология туралы “Жан жүйесі” оқулығын жазған.

Айтанұлы Омарғазы (1931-1997) – жазушы, ақын, ҚХР Жазушылар Одағының мүшесі. “Таразы” (1997 жылы ҚХР Мемлекеттік әдебиет сыйлығын алған), “Аң шадырын оқ табар” романдарының бірнеше әңгіме, хикаят және жыр жинақтарының авторы. ҚХР-ның бірінші дәрежелі жазушысы, “Құрметті жазушы” атағын алған.

Ақышев Зейтін (1911-1991) – жазушы. “Жесірлер”, “Бұршақ соққан жел”, “Жаяу Мұса”, “Шынардың шыбығы” романдарының, “Біздің шамшырақ” очерктер, “Достарым менің” әңгімелер жинағының, “Жаяу Мұса”, “Келіндер”, “Құтылмайды ол” пьесаларының авторы. Жекелеген шығармалары орыс тіліне аударған. Бірсыпыра туындыларды орыс тілінен қазақ тіліне аударған.

Алақанұлы Ақын (1943) – жазушы. “Менің анам”, “Елім-жерім”, “Ана жүрегі”, “Сүйіктім менің” атты әңгіме, хикаяттар жинағының, “Асулар” романының авторы.

Ахметбеков Кәрібай (1940) – жазушы. “Сый орамал”, “Жеңіс сарбаздары”, “Жалаулы жасыл дүние” әңгіме, хикаят жинақтарының, “Ақ дала”, “Алқа көл”, “Қасірет” романдарының авторы. Орыс және шетел қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Ахтанов Тахауи (1923-1998) – жазушы, драматург. “Махаббат мұңы”, “Күй аңызы”, “Дала сыры” хикаяттарының, “Қаһарлы күндер”, “Боран” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1966 ж.), романдарының, “Шырағың сөнбесін” роман-дилогиясының, “Сәуле”, “Боран”, “Күтпеген кездесу”, “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, “Ант”, “Жоғалған дос” драмаларының, “Күшік күйеу” комедиясының, “Ғабит Мүсірепов”, “Керуен”, “Көкейкесті” сын-еңбектерінің авторы. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Әбдіков Төлен (1942) – жазушы, драматург. “Көкжиек”, “Күзгі жапырақ”, “Ақиқат”, “Айтылмаған ақиқат” әңгіме, хикаяттар жинақтарының, “Өліара”, “Ақшоқыда қыс қатты” романдарының, “Біз үшеу едік” пьесасының авторы. Орыс және шетел классиктері шығармаларын қазақ тіліне аударған, өзінің жекелеген шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Әбілев Дихан (1907-2003) –ақын, Қазақстанның халық жазушысы. “Ақын арманы” тррилогиясының, “Ой толғауы” естелік- әңгімелер кітабының, “Алтай жүрегі” атты өлеңмен жазылған романның, “Дала солдаты” өлеңмен жазылған хикаяттың, “Қуат”, “Өрт”, “Мұңсыз Мәриям”, “Майданбек”, “Жас азамат” поэмаларының авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Әбілқасым Сейтхан (1921-1997) – ҚРХ-да туған қазақ жазушысы. Саяси көзқарастары үшін куғындалып, Моңғолияға қоныс аударған. Онда Амгалан деген бүркеншік атпен “Қара боран”, Әбілсейіт Ақпаев деген атпен “Ақиықтың ақырғы балапаны ” романдарын жазған. 1992 жылы Қазақстанға көшіп келген. 2001 жылы “Отырар кітапханасы” сериясымен “Оспан батыр” романы жарыққа шықты.

Әбішев Әлжаппар (1907-2001) – халық жазушысы, драматург. “Үлкен жолда”, “Терең тамырлар”, “Сәуленің күлкісі” хикаяттарының, “Сахара сәулеті”, “Найзағай”, “Атыңнан айналайын”, “Жас түлектер” романдарының, “Отан үшін”, “Жолдастар”, “Қырағылық”, “Намыс гвардиясы” (М.Әуезовпен бірігіп жазған), “Достық пен махаббат”, “Мен өлмеймін”, “Белгісіз батыр”, “Күншілдік”, “Кім менің әкем”, “Көлеңкелер қалай жоғалады”, “Мансап пен ұждан”, “Ажалсыз адам”, “Нұрлы жаңбыр”, “Мәди”, “Сәкен аманаты” пьесаларының авторы.

Әдібаев Хасен (1924) — әдебиет зерттеушісі, жазушы. “Уақыт және суреткер”, “Талант, талғам, тағдыр”, “Көкжиек” сын-зерттеу кітаптарының, “Таңбалы адам” әңгіме, хикаяттарының жинағының, “Отырар ойраны” романының авторы.

Әлімбаев Шоқан (1941-1990) – фантаст-жазушы. Бірнеше фантастикалық әңгіме-хикаяттардың, “Данышпандық формуласы” романының авторы. Туындылары бірнеше шет тілдеріне аударылған.

Әлімжанов Әнуар (1930-1993) – Қазақстанның халық жазушысы. Шығармаларын орыс тілінде жазған. “Мәңгілік тамырлар”, “Күнге бет алған керуен”, “Жалындаған найза”, “Көгілдар таулар”, “Отырардан жеткен сый”, “Махамбеттің жебесі”, “Жәмшит айнасы”, “Жаушы”, “Ұстаздың оралуы” атты хикаяттар мен романдардың авторы. “Көгілдар таулар” романы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын (1967 ж.), “Отырардан жеткен сый” хикаяты үшін Джавахарлар Неру атындағы Халықаралық сыйлықты (1969 ж.) алған.

Әлімқұлов Тәкен (1918-1987) – жазушы. “Сапар”, “Жазғы жаңбыр”, “Боз жорға”, “Қаратау өрнектері” поэзиялық жинақтарының, “Сейтек сарыны”, “Туған ауылда”, “Күрең өзен”, “Кер толғау”, “Тұлпарлар тағдыры”, “Шежірелі сахара”, “Қара ой”, “Соңғы ән”, “Қаралы қобыз” әңгімелері мен хикаяттарының, “Ақбоз ат”, “Ел мен жер” романдарының, “Жұмбақ жан” сын-зерттеу кітабының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары орыс тіліне аударылған.

Әуезов Мұхтар (1897-1961) – қазақтың ұлы жазушысы, драматург, әдебиет зерттеуші, аудармашы. КСРО Мемлекеттік (1949), Лениндік (1959) сыйлықтарының лауреаты. “Абай жолы” роман- эпопеясының, “Өскен өркен” романының, “Қилы заман”, “Көксерек”, “Қараш-қараш оқиғасы” хикаяттарының, “Еңлік-Кебек”, “Хан Кене”, “Қарагөз”, “Абай”, т.б. трагедияларының авторы. Шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған.

Байтанаев Амантай (1922) – жазушы. “Ерденнің бастан кешкендері”, “Асан”, “Дала сыры” хикаяттарының, “Жаңбырлы дала”, “Қайнар бұлақ”, “Қыран самғауы”, “Таң сәрі” романдарының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Бақбергенов Сәуірбек (1920-1997) – жазушы. “Талғат”, “Менің досым”, “Өзіміздің жігіттер”, “Қоян көзге құлаған жұлдыз”, “Он үшінші ойыншы”, “Бозторғай”, “Қайран шешем”, “Адам және көлеңке”, “Қарға тамған қан”, “Алтын күрек”, “Белгісіз солдат”, “Кентау”, “Қан тозаң”, “Ақбоз атты ару”, “Бөрте Шыңғысханның жұбайы”, т.б. кітаптардың авторы.

Бегалин Сапарғали (1895-1983) – жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. “Қыран тегі”, “Цимлян теңізі”, “Сырлы қайнар” өлеңдер мен поэмалар жинағының, “Көксегеннің көргендері”, “Ермектің алмасы”, “Сәтжан”, “Жас бұтақ”, “Жеткіншектер”, “Шоқан асулары”, “Қыран туралы аңыз” әңгіме, хикаяттар жинақтарының, “Замана белестері” романының авторы. Жамбыл Жабаев туралы монография жазған. Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Бектұров Жайық (1912-1998) – жазушы, аудармашы. “Жол жоралғысы” әңгіме, хикаяттар жинағының, “Таңба романының авторы.

Бөкей Оралхан (1943-1993) – жазушы, драматург, журналист. “Қамшыгер”, “Үркер”, “Қайдасың қасқа құлыным”, “Мостау”, “Ән салады шағылдар”, “Біздің жақта қыс ұзақ” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1986 ж.) әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Өз отыңды өшірме” романының, “Құлыным менің текетірес”, “Қар қызы”, “Зымырайды поездар”, “Мен сізден қорқамын” пьесаларының авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Ғабдуллин Нығмет (1927) – жазушы, әдебиет зерттеуші. “Менің достарым”, “Жаңа таныстар”, “Құрбылар”, “Гүл”, “Қызыл дәурен”, “Өмір қымбатсың маған”, “Сарғайған жапырақ”, “Өмірдің бұралаң жолдары”, “Махаббат жыры” әңгіме, хикаяттарының, “Жігер”, “Біздің жігіт” романдарының, “Замандас келбеті”, “Шығарма арқау шындық”, “Уақыт тынысы” сын-зерттеу еңбектерінің, “Ғабит Мүсірепов — драматург” монографиясының авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары бірқатар шет тілдеріне аударылды.

Дәулетбаев Мәжит (1896-1938) – жазушы, ақын, драматург. “Жүректен”, “Толқында” өлеңдер жинағының, “Сұрпақбайлар” комедиясының , “Партизан Алпысбай” хикаятының, “Қызылжар” атты аяқталмай қалған роман-трилогияның авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары орыс тіліне аударылған.

Домбаев Есенжол (1938) – жазушы, драматург. “Болмаған оқиға”, “Ғашықтық туралы мың бірінші баллада” сатиралық хикаяттарының, “Ол осындай адам” әзіл-әңгімелер жинағының, “Менің бауырларым” атты хикаяттар мен әңгімелер жинағының, “Жаман жәутік” романының, “Біздің ауылда қызықтар бола береді”, “Өтірік әңгіме” комедияларының авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Досанов Сәбит (1940) – жазушы. “Қайырлы таң”, “Бұлбұл үні”, “Қыран қалғымайды” әңгіме-хикаяттар жинағының, “Екінші өмір”, “Жиырмасыншы ғасыр” романдарының, “Дауыл”, “Ертең бюро” пьесаларының авторы. Шығармалары орыс тіліне аударылған.

Досжанов Дүкенбай (1942) – жазушы. “Жусан мен гүлдер”, “Зауал”, “Жібек жолы”, “Дария”, “Кісі ақысы”, “Табалдырығыңа табын”, “Жолбарыстың сүрлеуі”, “Құмда қалған кемелер”, “Мұхтар жолы”, “Абақты”, “Таразы”, “Абай айнасы”, “Құм кітабы”, “Отырар”, “Параби”, “Алыптың азабы”, “Екі дүние есігі”, “Дала гладиаторлары”, т.б. кітаптарының авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Доспамбети Ұзақбай (1941) – жазушы. “Ел есінде”, “Қызыл жолбарыс” романдарының, “Шың мен шыңырау” роман-дилогиясының авторы.

Дулатов Міржақып (1885-1935) — ақын, жазушы, драматург, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері. “Оян, қазақ!”, “Азамат” өлеңдер жинағының, “Бақытсыз Жамал” романының, “Балқия” пьесасының авторы. “Есеп құралы” атты екі бөлімнен тұратын оқулықты әзірлеген.

Елубаев Смағұл (1947) – жазушы, сценарист. “Ойсыл қара”, “Саттар соқпағы”, “Жарық дүние”, “Ақбоз үй”, “Мінәжат” кітаптарының авторы.

Ерубаев Саттар (1914-1937) – жазушы. “Тракторшы комсомолдың жыры”, “Колхоз базарында”, “Ақын жыры”, “Үш шахтер туралы баллада”, “Меруерт алқа”, “Бақыт”, “Өмір көркемдігі”, “Келесі соғыс туралы”, “Менің құрдастарым”, т.б. шығармаларының авторы.

Есенберлин Ілияс (1915-1983) – жазушы. “Сұлтан”, “Айша”, “Біржан сал трагедиясы” поэмаларының, “Адамгершілік туралы жыр” өлеңдер жинағының, “Өзен жағасында”, “Толқиды Есіл” хикаяттарының, “Айқас” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1968 ж.), “Қтерлі өткел”, “Ғашықтар”, “Алтын құс”, “Көлеңкеңмен қорғай жүр”, “Махаббат мейрамы”, “Алыстағы арпалыс”, “Аққу құстың қуанышы” романдарының, “Көшпенділер” (“Алмас қылыш”, “Қаһар”, “Жанталас”), “Алтын Орда” роман-трилогияларының, “Таудағы тартыс” пьесасының авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Есенжанов Хамза (1908-1975) – белгілі жазушы, аудармашы. “Өлең түннің жағасында”, “Қызыл құмақ”, “Күшке күш” әңгімелерінің, “Ақ Жайық” трилогиясының (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған), “Көп жыл өткен соң”, “Ағайынды Жүнісовтер” романдарының авторы. Шығармалары орыс тіліне аударылған. Белгілі орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Жақсыбай Ахат (1940) – жазушы. “Менің достарым”, “Қайырлы таң”, “Боз арал” хикаяттарының, “Егес”, “Бөгет”, “Қорған” романдарының авторы. Белгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Жандарбеков Болат (1932-1991) – жазушы, драматург. “Томирис” романының, “Сақтар” роман-дилогиясының, бірнеше пьесалардың авторы.

Жансүгіров Ілияс (1894-1938) – қазақ әдебиетінің классигі. “Мақпал”, “Көбік шашқан”, “Исатай”, “Рустем қырғыны”, “Байқал”, “Жорық”, “Дала”, “Күй”, “Күйші”, “Құлагер” поэмаларының, “Кек”, “Исатай Махамбет”, “Түрксіб”драмалық шығармаларының, “Құқ”, “Жалаңаштар жиналысы”, “Жанды қуыршақ”, “Ысқақ” өлеңдерінің, көптеген биік деңгейлі лирикалық өлеңдердің, “Жолдастар” романының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Жомартбаев Тайыр (1884-1937) – жазушы, ақын, драматург, педагог. “Балаларға жеміс” өлеңдер жинағының, “Қыз көрелік” романының, “Сары сүйек құда”, “Осы ма қазақ, өмірің” пьесаларының авторы.

Жұмаділов Қабдеш (1936) – жазушы. “Жас дәурен” өлеңдер жинағының, “Қаздар қайтып барады”, “Сары жайлау”, “Шарайна”, “Сәйгүліктер” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Соңғы көш” (роман-дилогия), “Көкейкесті”, “Бақыт жолында”, “Атамекен”, “Тағдыр” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1990), “Дарабоз” (роман-дилогия), “Таңғажайып дүние” (ғұмырнамалық), “Прометей алауы” романдарының авторы.

Жұртбаев Тұрсын (1951) – жазушы, ақын, әдебиет зертеушісі. “Қоңыр қаз”, ”Жүрегімде – жұмыр жер” өлеңдер жинағы мен поэмаларының, “Бес қарагер”,”Дара тұлға” деректі хикаяттарының, “Бейуақ”, “Талқы” роман-эсселері мен екі томдық “Дулыға” тарихи- танымдық романының авторы. Жекелеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Жүнісов Сәкен (1934) – Қазақстанның халық жазушысы, драматург. “Әжем мен емші және дәрігер”, “Кімнің мекені жақсы”, “Сақау бәтеңке” кітаптарының, “Өшпейтін іздер”, “Алғашқы вагон”, “Заманай мен Аманай” повестерінің, “Жапандағы жалғыз үй”, “Ақан сері” (дилогия) романдарының авторы. “Ажар мен ажал”, “Тұтқындар”, “Жаралы гүлдер”, “Қысылғаннан қыз болдық”, “Өліара” (1986 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған), “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” пьесаларын жазған.

Зәкенұлы Тұрсынхан (1962) – жазушы, тарихшы. “Гүлбаршын”, “Балқан тауға барғандар” хикаяттарының, “Аттың басы”, “Бәтигүл”, “Тәңірқұттың тағы”, “Сырда қалған сыбызғы”, “Бүркітші”, “Шырымтал шығатын тау”, “Жаңбырлы түн”, т.б. әңгімелерінің, “Көк бөрілердің көз жасы” романының авторы.

Исабаев Қалмұқан (1925) – жазушы. “Баян”, “Ажал құрсауында”, “Жұмбақ үй”, “Арман арнасымен”, “Бетпе-бет”, “Қара бала”, “Соңғы тәулік”, “Соңғы ерлік”әңгіме, хикаят, очерктер жинақтарының, “Сұңқар самғауы”, “Айқыз”, “Өткелде”, “Комендант”, “Өрде”, “Көгілдір қазына”, “Серт”, “Арна” романдарының, “Сапар сыры”, “Десант” пьесаларының авторы.

Исабеков Дулат (1942) – жазушы. “Бекет”, “Ащы бал”, “Мазасыз күндер”, “Қара шаңырақ”, “Тіршілік”, “Қарғын”, “Екі жиырма бес”, “Жеті желкен”, т.б. кітаптардың авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Кекілбаев Әбіш (1939) – Қазақстанның халық жазушысы. “Алтын шуақ” өлеңдер жинағының, “Бір шөкім бұлт”, “Дала балладалары”, “Құс қанаты” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Үркер”, “Елең-алаң” (осы екі роман үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1986), “Аңыздың ақыры”, “Ұйқыдағы арудың оянуы” атты әдеби- тарихи жинақтың, “Дәуір мен бетпе-бет”, “Заманмен сұхбат” әдеби- сын, эсселердің авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Көбеев Спандияр (1878-1956) – жазушы, ағартушы. “Үлгілі тәржімі” аударма кітабының, “Үлгілі бала” оқулығының, “Қалың мал” романының, “Орындалған арман” атты мемуарлық романның авторы.

Қабдолов Зейнолла (1927) – ҚР халық жазушысы, әдебиет зерттеуші, ҚР ҰҒА академигі. “Ұшқын”, “Жалын”, “Менің Әуезовім” романдарының, “Адам”, “Сыр” очерктер мен әңгімелер жинағының, “Сөнбейтін от” пьесасының, “Жанр сыры”, “Мұхтар Әуезов және оның әсемдік әлемі”, “Сөз өнері” монографияларының, “Арна”, “Көзқарас” атты эстетиткалық ой-пікір жинақтарының авторы. “Әдебиет теориясының негіздері” оқулығын жазған. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қабышұлы Ислам (1942) – жазушы, аудармашы. “Ақ сұңқар” хикаятының, “Керейлер керуені”, “Келбет кесірі”, “Моңғолия қазақтарының тарихы”, “Қазақ қауымы” атты кітаптары жарық көрген. “Шыңғысхан шежіресі” тарихи еңбегінің, “Ұрпағың үзілмесін” романының авторы. Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын моңғол тілінде аударған.

Қазыбаев Кәкімжан (1929-1989) – жазушы, журналист. “Кернеген кек” хикаят, “Ызғар”, “Аманат” романдарының авторы. Орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Қанахин Өтебай (1923-1990) – жазушы, журналист. “Ауыр күндер”, “Маздақ”, “Тұңғыш махаббат”, “Жас дәурен”, “Жер басып жүрсем” хикаяттарының, “Дәмелі”, “Жүрек қалауы” романдарының авторы. Бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған.

Қаратаев Мұхамеджан (1910-1995) – академик сыншы, Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет зерттеушісі. “Даладағы дабыл” публицистикалық романының, “Туған әдебиет туралы ойлар”, “Эпостан эпопеяға”, “Әдебиет және эстетика”, “Шеберлік шыңына”, “Асулар алда” (1974 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған) атты ғылыми, сыни еңбектердің авторы.

Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) – ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек”, “Айсұлу- Нартайлақ”, “Қодардың өлімі”, “Крест патша” поэмаларының, “Үш анық” философиялық еңбегінің, “Түрік, қырғыз, қазақ, һәм хандар шежіресі”, “Мұсылмандық шарты” еңбектерінің, “Әділ-Мәрия” романының авторы. Шетел және орыс классиктерінің туындыларын қазақ тіліне аударған.

Құлыбекұлы Махфуз (1918) – жазушы. “Қазақ халқының ертегілері”, “Қазақ халқының айтысы” еңбектерінің, “Қызыл қайың хикаясы”, “Қауғабайдың қаулысы”, “Нұрбала”, “Тұрғылас түлектер”, “Патша балам” әңгіме, хикаят, романдарының авторы. Моңғол Мемлекеттік “Алтын жұлдыз” орденінің иегері.

Қыдырбекұлы Балғабек (1929-1995) – жазушы, журналист. “Ешкімге айтпа”, “Шайтанның шатағы”, “Шойын құлақ”, “Қара сандық”, “Ұрының еншісі” фельетондары мен сықақ-әңгімелердің, “Жетім бала” поэмасының, “Алатау” романының авторы.


Мағауин Мұхтар (1940) – Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет зерттеушісі. “Тазының өлімі”, “Бір атаның балалары”, “Көк кептер” хикаяттарының, “Көк мұнар” романының, “Аласапыран” роман- дилогиясының (1984 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған), “Қобыз сарыны” монографиясының авторы. Шығармалары шет тілдеріне аударылған.

Майлин Бейімбет (1896-1937) – қазақ әдебиетінің классигі, драматург. “Шұғаның белгісі”, “Раушан коммунист” хикаяттарының, “Азамат Азаматыч” романының, “Ұлбосын”, “Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры”, “Арыстанбайдың Мұқышы”, “Сары ала тон”, “Көк теректің бауырында”, “Қанды кек”, “Айт күндері”, “Сексен сом”, т.б. көптеген әңгімелердің, “Талтаңдайдың тәртібі”, “Шаншар молда”, “Келін мен шешей”, “Көзілдірік” комедияларының, “Амангелді”, “Майдан”, “Шұға” пьесаларының авторы.

Молдағалиев Жайсаңбек (1935-1986) – жазушы. “Жаз ерке”, “Айналайын атыңнан”, “Самал”, “Ел суреттері” әңгіме, новелла, хикаяттарының, “Ескі дос”, “Алғашқы қоңырау”, “Таза бұлақ” романдарының, “Торғай толғауы” роман-трилогиясының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Мұқай Баққожа (1948) – жазушы, драматург. “Жаңбыр жауып тұр”, “Өмір арнасы”, “Аққу сазы”, “Мазасыз маусым”, “Дүние кезек”, “Жеті желі”, “Алғашқы махаббат” хикаят пен әңгімелер жинақтарының, “Тоят түні”, “Қош бол, менің ертегім”, “Иірім”, “Өзгенің өмірі үшін”, “Сергелдең болған серілер”, “Раушан гүлі”, “Ерулік”, “Дүние кезек”, “Өмірзая”, “Заманақыр”, “Тойы көп үй”, “Тәлкек тағдыр” драмалық шығармаларының, “Өмірзая” романының авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Мұқажанұлы Күнгей (1929) – “Тың тірлік”, “Тайталас” хикаяттарының, “Боранды бала” әңгімесінің авторы. “Алтай әңгімелері”, “Махаббатқа жол”, “Көкеннің би болуы”, “Өгіздің терісі”, “Қазақтың күй дастандары”, “Қоржын”, “Қайта табысу”, “Әдебиетке дұрыс ниет керек”, т.б. әңгіме, очерк, сахналық шығарма, әдеби сындары кітап болып шыққан. “Өр Алтай” романын жазған. Шығармалары ұйғыр, қытай тілдеріне аударылған.

Мұқанов Сәбит (1900-1973) – қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург, қоғам қайраткері. “Сұлушаш”, “Ақ аю” поэмаларының, “Азғын”, “Алтын аймақ”, “Кер заман”, т.б. әңгімелерінің, “Ақбөпенің сыры”, “Достар”, “Балуан шолақ”, “Бақташының баласы” хикаяттарының, “Мөлдір махаббат”, “Теміртас”, “Есіл”, “Ботагөз”, “Сырдария”, “Аққан жұлдыз” романдарының, “Өмір мектебі” трилогиясының, “Шоқан Уәлиханов”, “Қашқар қызы”, “Ақан мен Зайра” пьесаларының, көптеген ғылыми- зерттеу, сын еңбектердің авторы.

Мұқамәдиұлы Елеусіз (1936) – жазушы, журналист. “Махаббат тағдыры”, “Өрікті көл”, “Қобда қойнында”, “Сұлулық сыры”, “Жоғалған қыз” әңгіме, хикаят, романдарының авторы.

Мұртаза Шерхан (1932) – жазушы, драматург, қоғам қайраткері. “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағының, “Табылған теңіз”, “Бұлтсыз түнгі найзағай”, “Белгісіз солдаттың баласы”, “Мылтықсыз майдан”, “Қырық бірінші жылғы келіншек”, “Ахметжанның анты” хикаяттар жинағының, “Интернат наны” әңгімелер жинағының, “Қара маржан” (ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған, 1978 ж.) романының, “Қызыл жебе” (1-2 кітап), “Жұлдыз көпір”, “Қыл көпір”, “Тамұқ” роман- хамсасының, “Қызыл жебе”, “Сталинге хат”, “Бесеудің хаты” драмалық шығармаларының авторы. Орыс және шетел әдебиеті классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары орыс тіліне аударылған.

Мұстафин Ғабиден (1902-1984) – қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. “Ер шойын”, “Тұтқын”, “Күлмеген адам”, “Құлаған құз” әңгімелерінің, “Шығанақ”, “Миллионер”, “Қарағанды”, “Дауылдан кейін”, “Көз көрген” романдарының, “Айғақ” пьесасының, “Ой әуендері” мақалалар жинағының (1980 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығын алған) авторы.

Мүсірепов Ғабит (1902-1985) – қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА-ның академигі, драматург, Социалистік Еңбек Ері. “Қос шалқар”, “Талпақ танау”, “Шұғыла”, “Этнографиялық әңгіме”, “Ананың анасы”, “Ашынған ана”, “Ананың арашасы”, “Ер ана”, “Ақлима”, “Жеңілген Есрафил”, “Бірінші фонтан”, “Өмір жорығы”, “Қыран жыры”, “Жапон балладасы” әңгімелерінің, “Тулаған толқында”, “Көк үйдегі көршілер”, “Өмір ертегісі”, “Алғашқы адымдар”, “Үздіксіз өсу”, “Жайлау жолында”, “Тұтқын қыз” хикаяттарының, қара сөзбен жазылған “Кездеспей кеткен бір бейне” поэмасының, “Қазақ солдаты”, “Оянған өлке”, “Жат қолында”, “Ұлпан” романдарының, “Ақан сері Ақтоқты”, “Амангелді”, “Болашаққа аманат”, “Қыпшақ қызы Аппақ”, “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” пьесаларының, “Суреткер парызы”, “Заман және әдебиет”, “Дәуір дидары”, “Әдебиет-кәсіп емес, өнер” әдеби сын еңбектерінің авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Мыңжасарова Сара (1924) – жазушы. “Қыр қыздары”, “Әйел бақыты”, “Төзім шеңбері” романдарының авторы. Бірнеше орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Найманбаев Қалдарбек (1939) – жазушы, қоғам қайраткері. “Даңқ тұғырында”, “Қоштасқым келмейді”, “Үміт өткелі”, “Беймаза қонақ”, “Аптап”, “Көктөбе”, “От пен ойын”, “Ерлі-зайыпты екеуі және басқалары”, “Біз сені күтеміз Гүлзат”, “Домалақ арыс”, “Жаңа жыл алдында”, т.б. кітаптарының авторы.

Нәжімеденов Жұмекен (1935-1983) – ақын, жазушы. “Балауса”, “Сыбызғы сыры”, “Өз көзіммен”, “Жарық пен жылу”, “Мен туған күн”, “Жоқ ұмытуға болмайды”, “Қызғалдақ жайлы баллада”, “Темірқазық” өлеңдер мен поэма жинақтарының, “Ақшағыл”, “Кішкентай”, “Даңқ пен дақпырт” роман, повестерінің авторы. Көрнекті ақындар туындыларын қазақ тіліне аударған.

Нұрғали Рымғали (1940) — әдебиет зерттеушісі, жазушы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. “Арқау” (екі томдық), “Драма өнері”, “Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры”, “Сөз өнерінің эстетикасы” монографияларының, “Ай қанатты арғымақ” романының, “Дән” хикаяты жинағының авторы. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары орыс тіліне аударылған.

Нұржекеев Бексұлтан (1941) – жазушы. “Күй толғақ”, “Бір ғана махаббат”, “Күтумен кешкен ғұмыр”, “Бір ғана махаббат” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Бір өкініш, бір үміт”, “Ерлі-зайыптылар” романдарының, “Өзендер өрнектеген өлке” тарихи-этнографиялық эссесінің авторы.

Нұрманов Ақан (1933-1968) – жазушы. “Арайлы таң”, “Аққу жұлдызы” хикаяттар жинағының, “Құланның ажалы” романының авторы.

Нұрпейісов Әбдіжәміл (1924) – Қазақстанның халық жазушысы, драматург. “Күткен күн” романының, “Қан мен тер” трилогиясының (КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған, 1974 ж.), “Соңғы парыз” романының, “Толғау” сын мақалалар жинағының авторы. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Орыс және шетел қаламгерлерінің туындыларын қазақ тіліне аударған.

Нұршайықов Әзілхан (1922) – жазушы, журналист. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Бірнеше очерктер мен әңгімелер жинақтары жарық көрген. “Махаббат жыры”, “Әсем” повестерінің, “Махаббат қызық мол жылдар” романының, “Ақиқат пен аңыз” роман- дилогиясының авторы.

Оразалинов Кәмен (1920) – жазушы. “Ақ жазық”, “Аттаныс”, “Көктем салқыны”, “Кең байтақ”, “Абайдан соң” романдарының авторы. Оралтай Хасен (1933 жылы Қытайда туған) – публицист, қаламгер. Коммунистік идеологияға қарсы жазылғанкөптеген еңбектердің авторы. “Коммунизммен соғыс”, “М.Жұмабаев – ұлы ақын”, “Абылай дастаны”, “Орта Азия қазақ түріктерінің елшілдік ұраны”, “Желтоқсан көтерілісі”, “Қазақша-түрікше сөздік”, “Елімайлап өткен өмір”, “Соңғы көш” (Қ.Жұмаділов романының түрікше аудармасы) кітаптары шықты. Ұзақ жылдар “Азаттық” радиосының қазақ редакциясын басқарған. Казір Мюнхен қаласында тұрады.

Разданұлы Мағаз (1924) – жазушы, ақын. “Асулар толғауы”, “Уақытқа жауап” өлеңдер жинағының, “Ата заман сөйлейді” әңгіме, хикаяттар жинағының, “Сары бел” атты өлеңмен жазылған романның, “Алтай ақиықтары” тарихи романының авторы.

Садуақасұлы Смағұл (1900-1933) — әдебиет зерттеушісі, сыншы, жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері. “Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды” көркем туындысының, “Жастар мен әңгіме”, “Ұлт театры туралы”, “Қазақстанда халық ағарту мәселелері” кітаптарының, “Қазақ әдебиеті” атты тарихи-сын очерктерінің, “Сәрсенбек” романының, “Әдебиет әңгімелері” зерттеуінің, “Салмақбай, Сағындық”, “Күміс қоңырау” хикаяттарының авторы.

Сарай Әнес (1937) – жазушы, драматург. “Мың аралар шақырады” әңгімелер жинағының, “Қараша өткен соң”, “Боз қырау”, “Тосқауыл”, “Алтын арал”, “Ақ тынық түн”, “Еділ Жайық” (ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1992), “Асылдың сынығы”, “Исатай Махамбет тарихы”, “Мұхаммет пайғамбардың өмірі”, “Адайлардың арғы тарихы” романдарының, “Тойтиып қалды”, “Қу тазша”, “Ару Алматы”, “Мұңым менің”, “Тымырсық” пьесаларының авторы.

Сәнікұлы Зейнолла (1935) – жазушы. “Қазақтың халық ертегілері”, “Қазақ балалар ертегі”, “Қабанбай батыр”, “Мұралар нені айтады?”, “Қазақтың тұрмыс-салт білімдері” фольклорлық- этнографиялық еңбектерінің, “Көкше әулие”, “Кетбұға жырау” хикаяттарының, “Хан Абылай, Қабанбай”, “Басбай”, “Сергелдең” романдарының, “Атаның алтын іздері” ғылыми-зерттеулер жинағының авторы.

Сәрсекеев Қоғабай (1939) – жазушы, драматург. “Кілт”, “Қараша қаздар” хикаяттар мен әңгімелер жинағының, “Қол мерген”, “Кестелі орамал”, “Ыбырай Алтынсарин”, “Мұңлық-Зарлық”, “Фатима”, “Ашудас”, “Сарбаздар” пьесаларының авторы. Шығармалары орыс тіліне аударылған.

Сәрсекеев Медеу (1936) – жазушы. “Ғажайып сәуле”, “Көрінбестің көлеңкесі”, “Жетінші толқын”, “От және атом”, “Қаз қайтқанда”, “Айшықты мезет” хикаяттарының, “Сәтбаев” деректі ғұмырнамасының, “Жаңғырық”, “Көнбе” романдарының, “Шығыс хикаясы” пьесасының авторы. Орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Сәрсенбай Оразбек (1938) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. “Жалғыз күрке”, “Сағым”, “Бақыт құсы”, “Таңбалы тас”, “Жиде гүлдегенде”, “Жақсының көзі”, “Замандас”, “Уәде” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Шеңбер” романының авторы. Орыс және шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өз шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Сегізбай Кәдірбек (1941) – жазушы. “Ашылмаған сыр”, “Қойнаудағы ауыл”, “Өртенге өскен гүл”, “Біз қалада тұрамыз”, “Жер ортасы”, “Беласқан” әңгіме, хикаят романдарының авторы. Әңгімелері орыс тіліне аударылған. Орыс жазушыларының шығармаларының қазақ тіліне аударған.

Сейсенбаев Роллан (1946) – жазушы, драматург. Шығармаларын екі тілде жазады (орыс, қазақ). “Аңсау” хикаятының, “Өзімді іздеп жүрмін”, “Өмір сүргің келсе”, “Сағынып жеткен жаз еді”, “Тау басында түйіскен жол”, “Сайтанның тағы” әңгіме, хикаят, романдарының авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Сейфуллин Сәкен (1894-1938) – қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері. “Асау тұлпар”, “Асығып тез аттандық”, “Домбыра”, “Экспресс”, “Тұрмыс толқынында”, “Көкшетау”, “Альбатрос” өлеңдер мен поэмалар жинақтарының, “Бақыт жолына”, “Қызыл сұңқарлар” пьесаларының, “Айша”, “Жемістер”, “Жер қазғандар” хикаяттарының, “Тар жол, тайғақ кешу” мемуарлық романының авторы.

Сланов Ғабдол (1911-1969) – жазушы. “Арман ағысы” , “Қыз бел”, “Домбыра күйі — Ақиық”, “Кең өріс” хикаяттарының, “Жанар тау”, “Дөң асқан”, “Шалқар”, “Асау арна”, “Айғайтас” романдарының, “Махамбет” пьесасының авторы. Белгілі қаламгерлер шығармаларын қазақ тіліне аударған. Жекеленген шығармалары орыс тілінде жарық көрді.

Сматаев Софы (1941) – жазушы, ақын, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегері. “Армысың, ана”, “Алау”, “Ғарышқа көз тіккен жер”, “Мәңгілік бастауы” кітаптарының, “Елім-ай” тарихи дилогиясының авторы.

Соқпақбаев Бердібек (1924-1992) – жазушы. “Бұлақ”атты өлеңдер жинағының, “Он алты жасар чемпион”, “Алыстағы ауылда”, “Менің атым Қожа”, “Балалық шаққа саяхат”, “Дала жұлдызы”, “Аяжан”, “Қайдасың Гауһар” хикаяттарының, “Өлгендер қайтып келмейді” романының авторы. Шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылған.

Сұлтанияұлы Мағауия (1921) – жазушы, аудармашы, журналист. “Ешкімге айтпа”, “Отан ұлдары”, “Өмір өрнегі”, “Мамық”, “Машық”, “Менің ұстаздарым” шығармаларының, “Ұрпақ тағдыры” романының авторы.

Сүндетов Мағзұм (1936-1999) – жазушы. ҚР мәдениетін еңбек сіңірген қайраткер. “Балық аулау барғанда”, “Күтемін сені, Дидар”, “Үзеңгі жолдас”, “Ескексіз қайық”, “Құмдағы ауыл”, “Шайтан базар”, “От ішіндегі адам”, “Қызыл ай”, “Еліктің лағы”, “Бесқонақ” хикаят, романдардың авторы. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Тарази Әкім (Әшімов 1933) – жазушы, драматург, сценарийст. “Құйрықты жұлдыз”, “Үлкен ауыл”, “Қиян соқпақ”, “Басынан Қаратаудың “Қыз махаббаты” әңгіме, хикаяттарының, “Бұлтқа салған ұясын”, “Тас жарған”, “Кен” романдарының, “Күлмейтін комедия”, “Жақсы кісі”, “Жолы болғыш жігіт”, “Қос боздақ” пьесаларының авторы.

Тоқтаров Рамазан (1935-2000) – романшы. “Бақыт”, “Ертіс мұхитқа құяды”, “Ғасыр наны”, “Сусамыр”, “Абайдың жұмбағы” (Мемлекеттік сыйлық алған) романдарының авторы.

Толыбаев Құрманбай (1928) – жазушы. “Ай күледі, дән, шынар, балбөбек” атты өлеңдер мен дастандардың, “Қайдасың досым”, “Шырын”, “Өжеттер”, “Күн бөбегі”, “Шапақ”, “Алматым менің”, “Тамшылар” әңгіме-хикаяттарының, “Нар идірген”, “Әсет” романдарының авторы.

Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893-1920) – қазақ әдебиетінің классигі. “Шәкірт ойы”, “Оқып жүрген жастарға”, “Талаптарға”, “Мағынасыз мешіт”, “Досыма хат”, “Қымыз”, “Түсімде”, “Анау-мынау”, “Бір адамға”, “Гүл”, “Тұрмысқа”, “Ендігі беталыс”, “Жас жүрек”, “Сарыарқаның жаңбыры”, “Қыс сүю”, “Шал мен қызға” өлеңдерінің, “Зарландым”, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлеңі кітаптары жайынан” әңгіме, мақалаларының, “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының, “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романының, “Қамар сұлу” романының авторы.

Тұрлыбаев Жолдасбай (1932) – жазушы. “Ерке серке”, “Балапандар”, “Аңшының әңгімесі”, “Семсер”, “Бала мерген” атты жинақтардың, “Алтын тамыр” пьесасының, “Райымбек” романының авторы.

Тілегенов Бекежан (1934-1998) – жазушы. “Таң нұры” әңгімелер жинағының, “Көктемде ызғарлы”, “Сені қайдан табамын” хикаяттарының, “Ақ қайнар”, “Уақыт”, “Сексен алтыншы жыл” романдарының авторы. Шығармалары орыс тіліне аударылған.

Тілеков Жәрдем (1911-1980) – жазушы. “Атырау толқыны” поэмасының, “Ақ сұр ат” өлеңдер жинағының, “Жаңа жүк”, “Қайнар”, “Жорық жылында” әңгімелер мен хикаяттар жинағының, “Жоңғар даласында”, “От кешу” романдарының авторы. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Тілеуханов Төлек (1939) – жазушы. “Көрші келіншек”, “Шарапатты жан”, “Өзгенің бақыты үшін”, “Өмір арнауы”, “Біздің әкелеріміз”, “Мәуелі бәйтерек” әңгіме, хикаяттарының, “Келешек кіріспесі”, “Үш ұрпақ мұңы” романдарының авторы. Шетел қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармалары орыс тіліне аударылған.

Ысқақ Қалихан (1935) – жазушы, драматург. “Қоңыр күз еді”, “Дос хикаясы”, “Менің ағаларым” хикаяттары мен әңгімелерінің, “Тұйық”, “Қара орман”, “Ақсу-жер жәннаты” романдарының, “Апа- апатай”, “Жәке-Жәкетай”, “Кемпір іздеп жүр едік”, “Өмірбаян”, “Таңғы жаңғырық”, “Көктемнің салқын кезі еді”, “Сары бәйбіше, кеткен шал және саяқтар”, “Ерліктің екі сағаты”, “Ақ нар” пьесаларының авторы. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Шабданұлы Қажығұмар (1924) – жазушы. “Бақыт жолына” хикаятының, “Өгейлер” романының, “Қылмыс ” атты көп томдық романының авторы.

Шашкин Зейін (1912-1966)- жазушы. “Темірқазық”, “Өмір тынысы” хикаяттары мен әңгімелер жинағының, “Тоқаш Бокин”, “Теміртау”, “Доктор Дарханов”, “Сенім” романдарының авторы. Туындылары шетел халықтары тілдеріне аударылған.

Шаштайұлы Жұмабай (1950) – жазушы. “Қызыл қар”, “Жала мен нала”, “Жыр жолбарыс”, “Біздің заманымыздың Аяз биі” кітаптарының авторы.

Шәріпов Әди (1912-1993) — әдебиет зерттеуші, жазушы. “Партизан қызы”, “Тон”, “Ормандағы от” хикаяттарының, “Сахара қызы” романының, “Ж.Саинның өмірі мен шығармашылығы”, “Сырбай Мәуленов шығармашылығы”, “Қазіргі дәуір және қазақ кеңес әдебиетінің проблемалары” зерттеу еңбектерінің авторы. Шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

Әзірлегендер: филология ғылымдарының кандидаттары
Ж.Аймұхамбетова, Е.Тілешев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *