АНГАРА — Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі мен Иркутск обл-ндағы өзен. Енисейдің (Енесай) оң жақ саласы. Ұз. 1779 км, су жинау алабының ауд. 1039 мың км2. А. Байкал к-нен бастау алады. Өзенге бөгендер көп салынған. Құяр сағасына таяу жерде Енисей бұйратын кесіп өтеді, аңғарының ені 3 — 4 км. Басты салалары: Іркіт, Китой, Ақсу, Ока, Ия, Илим, Чадобец. А Байкал к-нің және қар, жаңбыр суларымен толысады. Иркутск қ. тұсындағы көпжылдық орташа ағыны 1700 м3/с. Братск СЭС-і маңында 2900 м3/с. Төменгі ағысында қараша айының 1- жартыснда, Братск бөгенінде желтоқсанда мұз қатады, мамырдың 1-жартысында мұзы ериді. Өзен арқылы Иркутскіден Байкалға және Братск СЭС-іне дейін тұрақты кеме қатынайды. Басты порттары: Иркутск, Ангарск, Братск. Өзеннен шоқыр, бекіре, хариус, тарақ, т.б. балықтар ауланады.