АНАХРОНИЗМ (грек. anachronismos, аnа — кері, артқа, қарама-қарсы және сһrоnоs — уақыт) — 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронол. қателіктер); 2) бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу. А. орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуіріне, классицизмге тән дүниелерде (өнер мен әдебиетте) жиі кездеседі. 19 — 20 ғ- ларда А. шығарманың кемшілігі ретінде қарастырылды. Тек кейбір жағдайларда ғана көркемдік тәсіл деп ұғынылды (мыс., Б. Брехтің “Юлий Цезарь мырзаның ісі” атты романындағы А.). А. — ауыспалы мағынада ескінің қалдығы, жаңа заман дүниетанымымен сәйкеспейтін, көнерген, күні өткен көзқарас, ұғым, салт-дәстүр дегенді де білдіреді.