АНАХОРЕТ (грек. anachoretes — дәруіш) — христиан дініндегі дүниені төрк еткен дәруіш, “тәркі дүние адамы”. Ерте замандарда дәуріштік жолға түсіп, адамдардан бөлектену, елсіз мекенге кету, Үндістан, Қытай, Жапон, т.б. шығыс елдерінде (мыс., будда дінінде, даосизмде) ерекше көрініс тапты. Христиандар арасындағы алғашқы “тәркі дүние адамдары” 3 ғ-да пайда болып (Египет сахарасында), 4 ғ-да Палестинада, Арменияда, онан соң Испания мен Италияға таралды. Орта ғ-ларда монастырьлар мен шіркеулер дәруіштік дәстүрін ығыстырып, оны монахтық рәсіммен ауыстырды. Исламда дәруіштік сопылық ағымның көрнекті өкілдерінің іс-әрекеті арқылы әспеттеліп, тарихат жолындағы қасиетті қадам саналған.