Худайбия әңгімесі және Пайғамбардың (с.а.с.) құрайыштармен келісім түзгені туралы

Худайбия әңгімесі және Пайғамбардың (с.а.с.) құрайыштармен келісім түзгені туралы

1182. Бара ибн Азибтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол:
«Пайғамбардың (с.а.с.) Қағбаға (кіруіне) кедергі жасалғанда2, ол меккеліктермен оған (келесі жылы) кіріп, онда үш күн тұруға, оған қару- жарақты – қылышты қынында ұстап кіруге, оның тұрғындарынан ешкімді өзімен бірге алып шықпауға және өзімен бірге болғандардан ешкімнің ол жерде қалуына кедергі жасамауға келісім жасады. (Пайғамбар (с.а.с.)) Әлиге: «Арамыздағы шартнаманы жаз: «Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен. Бұл – Аллаһ елшісі Мұхаммедтің жасаған келісімі»» дегенде, мүшріктер оған: «Біз сені Аллаһтың елшісі деп білгенімізде, саған ілесер едік, бірақ: «Мұхаммед ибн Абдуллаһ» деп жаз», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) Әлиге оны өшіруді бұйырды. Әли: «Жоқ, Аллаһпен ант етейін, оны өшірмеймін», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Маған оның орнын көрсет», – деді. (Әли) оған оның орнын көрсетті. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны өзі өшірді және: «Ибн Абдуллаһ» деп жазды3. Содан (келесі жылы Пайғамбар (с.а.с.) Меккеге кіріп,) онда үш күн тұрды. Үшінші күн болғанда, (меккеліктер) Әлиге: «Бұл – жолдасыңның4 шарты бойынша соңғы күн. Оған айт: (Меккеден) шықсын», – деді. Ол мұны (Пайғамбарға (с.а.с.)) хабарлады.

1 Хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) төрт бірдей мұғжизасы көрсетілген: Худайбияда судың көбейгені; қарақшылардың ғатафан тайпасына қонақ болып түскені жайлы хабар; Әлидің көзінің жазылуы және Аллаһ Әлидің басшылығымен жеңіс сыйлайтыны жайлы хабар. Сондай-ақ хадистен мынадай қорытындылар шығады:
– жаумен ымыраға келіп, келісім түзуге рұқсат етілетіні;
– барлаушылар жіберуге рұқсат етілетіні;
– жүгіруден бәйгесіз жарыс ұйымдастыруға рұқсат етілетіні;
– ержүректілік пен күштіліктің артықшылығы;
– кәпірлерге қарсы шайқаста мерт болған адамның қалай өлгеніне қарамастан, шәһид болатыны. Мұнда ол кәпірлердің қолынан қаза таба ма, мініс көлігінен құлап өле ме, әлде Амирдің жағдайындағыдай, абайсызда өз қаруының құрбаны бола ма – бәрібір.
2 Бұл – һижраның 6-жылы болған оқиға. Онда Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары умра жасамақ болғанда, құрайыштар олардың Меккеге кіруіне кедергі жасаған болатын.
3 Әл-Бұхари жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) шартнаманы алып, жазды»; Басқа бір риуаятта: «Ол оқу-жазуды білмейтін, бірақ жазды» деп айтылған. Кейбір ғалымдардың пікірінше, Пайғамбар (с.а.с.) оқу-жазуды білмесе де, мұны өз қолымен жазуы үшін Аллаһ оған осындай мүмкіндік берген. Бұл Пайғамбарымызға (с.а.с.) қатысты мұғжизалардың бірі болып табылады.
4 Пайғамбардың (с.а.с.).

(Пайғамбар (с.а.с.)): «Жарайды», – деді. Сонан соң (Меккеден) шықты», – деп айтқан1 (1783/92).

1183. Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) Худайбиядан қайтарда, (мұсылмандар) қайғырып, күйініп тұрған уақытта2, «Ақиқатында Біз саған анық жеңіс бердік, Аллаһ сені кешіруі үшін» (деген аят) «ұлы табыс» деген сөзіне дейін түсті3. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) Худайбияда құрбандық шалып: «Маған мен үшін осы дүниенің барлығынан сүйікті аят түсті», – деді», – деп айтқан (1786/97).

Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *