Жаумен кездесуді тілемеу, ал кездесе қалған жағдайда сабыр ету

Жаумен кездесуді тілемеу, ал кездесе қалған жағдайда сабыр ету

1130. Әбу Надр3 Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары қатарындағы Абдуллаһ ибн Әбу Ауфа деп аталатын әсләм (тайпасындағы) бір кісінің жазған хатынан (риуаят еткен). Ол Омар ибн Ғұбайдуллаһқа4 харуриліктерге харуриліктерге кетіп бара жатқан кезінде5 хабарлауынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаумен кездескен күндерінің бірінде күн ауғанға дейін күткен, содан кейін олардың арасында тұрып: «Ей, адамдар! Жаумен кездесуді тілемеңдер және Аллаһтан амандық сұраңдар. Ал қашан олармен кездессеңдер, сабыр етіңдер және жаннат қылыштардың саялары астында екенін біліңдер», – деген. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) тұрып:
«Уа, Аллаһ! Кітапты түсіруші, бұлттарды жүргізуші, топтарды


1 Бұдан соғыс уақытында алдауға болатынын көруге болады. Әйтсе де ашық алдамай, алдаусыратқан кейіп көрсеткен жақсы. Сондай-ақ адамдарды татуластыру және әйелімен қарым-қатынасы бұзылмауы үшін адамның өтірік айтуына рұқсат етіледі. Бұл жайлы басқа бір «сахих» хадисте айтылған.
2 Әбу Рафиғтен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мен келісімді бұзбаймын және елшілерді тұтқындамаймын», – деп айтқан (Әбу Дәуд. (№2758), ән-Нәсәи («Кубра», 5/205)). Ибн Хиббан (№1630) мұны
«сахих» хадис санатына жатқызған (қ.: «Булуғ әл-марам»). Хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Әбу Хузайфа мен оның әкесіне Бәдір шайқасына қатыспау жайлы берген уәделерін орындауға бұйырғаны, мұндай уәдені міндетті түрде орындау керектігін білдірмейді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оларға уәделерін орындауды бұйырған себебі, ол өзінің сахабаларының келісімді сақтамайтындары жайлы әңгіме тарап кетуін қаламаған. Өйткені мұсылмандарға қарсы мұндай өсек таратушылар оның мәнісі мен себебін түсіндірмей, басқаша жеткізер еді. Кәпірлер тұтқынға түскен мұсылманды қашып кетпеуге ант беруге мәжбүрлесе, мұндай ант жарамсыз болып саналатыны жөнінде ғалымдардың барлығы бір пікірде. Ал егер тұтқын мұндай антты мәжбүрлеусіз, өз еркімен берсе де, Әбу Ханифа мен басқа да куфалық фақиһтер және әш-Шафиғи «ол берген антын орындауға міндетті емес» деп есептеген.
3 Әбу Надр – табиғин, хадис жеткізуші.
4 Омар ибн Ғұбайдуллаһ – табиғин.
5 Омар ибн Ғұбайдуллаһ әт-Тәйми Куфа маңындағы Харура деп аталатын мекенде бас көтерген хауариждерге қарсы шайқасқа аттанып бара жатқан болатын (қ.: «Аун әл-Маъбуд»).

жеңуші! Оларды жеңіліске ұшырат және шайқалт (екінші бір риуаятта:
бізге оларға қарсы жәрдем бер)», – деп айтқан (1742/20, 21).

Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *