Пайғамбардың (с.а.с.) дұға қылғаны және мұнафықтардың ренжітулеріне сабыр еткені

Пайғамбардың (с.а.с.) дұға қылғаны және мұнафықтардың ренжітулеріне сабыр еткені

1127. Усама ибн Зәйдтен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) Бәдір оқиғасынан бұрын бәну харис ибн хазраж (руындағы) Сағд ибн Ғұбаданы көріп қайту үшін астына фәдәкі4 қалың мата салып, ерттелген есекке отырып, Усама ибн Зәйдті артына мінгестіріп алады. (Жолай) ол мұсылмандар және пұттарға табынушы мүшріктер мен яһудилер араласып отырған бір мәжілістің қасынан өтеді. Мәжілісте Абдуллаһ ибн Убәй мен Абдуллаһ ибн Рауаха бар еді. Есектің (тұяғынан

патшалығынан айырылғысы келмей, иман келтірмеді. Һирақл оларды билігінен шығармай, өзі де, халқы да Исламды қабылдап, патшалығын жалғастыра беруді қалаған еді. Қол астындағылар бұл шартқа көнбегесін, иманнан үмітін үзді. Бұл жайлы әл-Бұхаридің риуаятында айтылған. Һирақлдің иманнан патшалығын артық көріп, адасуда қала беруді таңдағанын нақтылайтын жайттың бірі – оның һижраның 8-жылы Мута шайқасында мұсылмандарға қарсы соғысуы. Мута жорығы жоғарыдағы әңгімеден екі жылдан кейін болған. Ибн Хиббан «Сахихында» Әнәстен жеткізген риуаятта көрсетілуінше, Пайғамбар (с.а.с.) Һирақлды Исламға шақырып, оған Тәбуктен тағы да хат жазған. Бірақ Һирақл бұл ұсынысты қабылдауға жақын болғанмен, қабылдамаған. Мұны оның күпірлікте қала бергені айғақтайды. Әйтсе де ол иманын жасырын ұстап, өзі істеген күнәларға патшалығын сақтап қалу үшін және қауымының өзіне қастандық жасауынан қорыққандықтан барған болуы да мүмкін. Алайда имам Ахмадтың «Муснадында» келген риуаятта: «Ол Тәбуктен Пайғамбарға (с.а.с.): «Ақиқатында, мен – мұсылманмын» деп хат жазғанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Өтірік айтады, ол өзінің христиандығын ұстанып жүр», – деп айтқан» делінген. Сондай-ақ Әбу Ғұбайд «сахих» иснадпен жеткізген риуаятта Пайғамбардың (с.а.с.): «Өтірік айтады, Аллаһтың дұшпаны! Ол – мұсылман емес» дегені хабарланған. Яғни ол иман келтіріп, сенімін жариялағанмен, иманда қалып, оның талаптары бойынша амал жасамаған. Керісінше, патшалығын қорып, пәни дүниені мәңгілік өмірден артық санаған. Сәттілік беруші – Аллаһтың Өзі.
1 Яғни мәртебесі артты, ұлылығы асты. Мұнда Әбу Суфиян «Әбу Кәбшаның ұлы» деп Пайғамбарды (с.а.с.) меңзеген. Әбу Кәбша – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аталарының бірі. Арабтардың әдетінде біреуді кемсіткісі келсе, оны аты танылмаған атасына телитін.
2 Византиялықтар «асфар әулеті» деп аталатын.
3 Хадистегі оқиға Әбу Суфиянның әлі Исламды қабылдамаған кезінде орын алған. Бірақ ол хадисті мұсылмандықты қабылдағаннан кейін айтып берген. Бұдан шығар қорытынды, адам кәпір кезінде орын алған оқиғаны Исламды қабылдағаннан кейін айтса, оның сөзі қабылданады. Алайда кәпір күйінде хабарласа, қабылданбайды.
4 Фәдәк – Мәдинаның солтүстік жағындағы оған жақын орналасқан жазық ойпат.

көтерілген) шаң мәжілісте отырғандарға жеткенде, Абдуллаһ ибн Убәй жамылғысымен мұрнын жауып: «Бізге (қарай) шаңдатпаңдар», – дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға сәлем беріп1, (қастарына) тоқтап (есегінен) түседі де, оларды Аллаһқа шақырады2 және Құран оқып береді. Абдуллаһ ибн Убәй: «Ей, кісі! Бұдан жақсы еш нәрсе жоқ, егер айтқаның шындық болса, мәжілістерімізде бізді мазалама. Жөніңе қайт та, әңгімеңді алдыңа барғандарымызға айт», – дейді. Сонда Абдуллаһ ибн Рауаха: «Бізге мәжілістерімізде кел, ақиқатында, біз оны ұнатамыз», – дейді.
Ол: «Сонда мұсылмандар және мүшріктер мен яһудилер сөзге келіп қалып, жанжалдасуға ыңғайланды. Пайғамбар (с.а.с.) басу айтып, оларды сабасына түсірді де, сосын есегіне мініп (жүріп кетті). Содан ол Сағд ибн Ғұбаданың алдына кірген соң (оған): «Ей, Сағд! Әбу Хубабтың3 не дегенін естімедің бе? Ол (маған) былай-былай деді», – деп, Абдуллаһ ибн Убәйді меңзеді. (Сағд ибн Ғұбада): «Уа, Аллаһтың елшісі! Оны кешіріп, кішіпейілдік таныта сал. Аллаһпен ант етейін, бұл қаланың4 тұрғындары оған5 тәж кигізіп, (басына) орамал байлауға6 келісім жасап тұрғанда, Аллаһ саған өзіңе тарту еткенін берді. Аллаһ әлгі (әрекетті) саған тарту еткен ақиқат арқылы қайтарған соң, (Абдуллаһ ибн Убәй) бұған тырысып жақтырмай қалды. Оны өзің көрген іске итермелеген – сол», – деді. Осыдан соң Пайғамбар (с.а.с.) оны кешірді», – деп айтқан (1798/116).

Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *