Шайқастың алдында дұға ету және жауға шабуыл жасау

Шайқастың алдында дұға ету және жауға шабуыл жасау

1124. Ибн Ауннан3. Ол: «Мен Нафиғқа4, одан шайқастың алдында (Исламға) шақыру жайлы сұрап хат жаздым. Сонда ол маған: «Бұлай ету

1 Шұрайлы жер – шөп, шалғынға және жайылымға бай аймақ. Хадисте сапар барысында осындай жерлерде жүріс жылдамдығын бәсеңдетіп, күннің бір бөлігінде жануарларды оттатып, жайып алу бұйырылған. Ал тақыр жерде жылдамдата жүруге қатысты бұйрық мал азығын үнемдеу мақсатында айтылған. Жолдан алыс түнеуге қатысты, улы жәндіктер мен жыртқыш аңдар түнде тегіс болғандықтан жол бойына шығады да, одан азық, өлексе т.с.с. іздейді.
2 Егер күйеуінің сапардан қашан оралатыны белгілі болса, мәселен, ол үлкен топтағы адамдармен бірге қайтатын болса немесе ол қысқа уақытты сапарға шығып, әйелі оның қайтатын күнін білсе, оның кез келген уақытта үйіне кіре беруіне болады. Өйткені риуаяттардың бірінде: «Егер күйеу ұзақ уақыт болмаса» деп айтылған. Үйге тосыннан келуге қатысты тыйымның себептерінің бірі әйелдің шашын тарап, тазаланып т.б. шараларын жасап, күйеуінің келуіне дайындалып алуы керектігіне барып тіреледі. Бұл жайлы Жәбирден жеткен басқа бір риуаятта:
«Шашы таралмаған әйел таранып, ал күйеуі ұзақ уақыт болмаған әйел түктерін қырып алуы үшін біраз күте тұрып, қалаға кешке кіріңдер» деп айтылған.
3 Әбу Аун Абдуллаһ ибн Аун әл-Басри, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғалым, хадис жеткізуші.
4 Нафиғ – Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі ғұлама, хадис жеткізуші.

Исламның бастапқы кезеңінде ғана болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бәну мусталиқ (тайпасына) өздері қаперсіз1, ал малдары суат басында суарылып жатқан кезде шабуыл жасап, жауынгерлерін өлтірді және әйел, балаларын тұтқынға алды. Сол күні ол (Яхия2: «Ол: «Жуәйрияны (немесе Харистің қызын)»3, – деді деп ойлаймын», – деген) олжалады. Бұл хадисті маған сол әскердің ішінде болған Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) айтып берді», – деп (жауап) жазды», – деген (1730/1).

Муслим ибн Хажжаж әл-Қушайри ән- Найсабури

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *