Стандартты есептер.Есепті ұйымдастыру. Реттелетін есептілік. Сервистік мүмкіндіктер.
Тақырып 5. Стандартты есептер
Дәріс сұрақтары
- Есеп берудің тағайындалуы
- Регистрлердің тағайындалуы
- Тауарларды сату
Есеп берудің тағайындалуы
Есеп берулер МБ-нан ақпараттарды алу үшін арналған. Есеп берулер құжаттарға ұқсас, тек бұл обьектілер әртүрлі қызметтерді атқарады. Құжаттар мәліметтер базасына ақпараттарды енгізеді, есеп берулер нәтижесінде шығарады.
Есеп беру құрамы.
Пайдалану экранда көріп отыратын 1С жүйесіндегі кез-келген есеп беруде экранды нысан – Диалог бар. Диалогта пайдаланушы әдетте есеп беруде нысандануының параметрлерін белгілейді. Мысалы: уақыт кезеңділігі. Сонымен қатар есеп беруде әдетте бір немесе бірнеше қағазды нысандар-кестелер болады. Кестелер арқасында есеп беру қағазға басылып шығады. Есеп беру қалыптасуының алгоритмі енгізілген түрде 1С есеп беру модуліне жазылады. Мысалы: кезең ішінде алынған қызметкерлер кадрлік есеп беру үшін бастапқы және соңғы екі алаңды экранды қалып қажет. Екі алаңда «мерзімі» түрінде болады. Есеп беру модулі қызметкерлер анықтамаларынан қажетті адамдарды анықтап және оларды кестеге шығару керек.
Секциялар. 1С фирмаcы есеп берулерді қалыптастырудың мықты құралы – секцияларды ойлап шығарды. Секция – бұл нақты шығаруға арналған кесте ауданы. Мысалы әрбір қызметкер үшін шығаруға мүмкіндік беретін қызметкерлер бойынша есеп беруде «Қызметкер» секциясы болады. Секциялар көлденең немесе тігінен болуы мүмкін. Сонымен қатар көлденең және тігінен қиылысқан секцияларды да шығаруға болады.
Қалыптасқан есеп беру тәртібі
1С:Кәсіпорын жүйесінде есеп беру толығымен активті обьектілер болуы мүмкін. Яғни бұл дегеніміз, мысалы қызметкерге шырт еткізіп осы қызметкер нысанын ашып немесе тек қана осы күні қызметкер бойынша есеп беруді одан да нақтырақ қалыптастыруға болады. Бос есеп берулерден бірден нақтырақ есеп беруге көшуге және әрбір соммадан бастап нақты өткізілуін қайдан келгенін білуге мүмкіндік беретін бұл жүйе бухгалтерлер үшін өте ынғайлы. Бұл үшін Расшифровка ұяшығының және ОбработкаЯчейкиТаблиц процедурасының ерекшеліктерінен берілген.
Есеп берулер нәтижелерді шығарады деп осы бөлімнің ең басында айтылса да, шын мәнінде кестелер арқасында МБ-на ақпаратты енгізуді ұйымдастыруға болады. Бұл күрделі қалып мәліметтер енгізуге керек болғанда өте ыңғайлы.
Регистрлердің тағайындалуы
Регистрлер – бұл оперативті мәліметтердің жиналуына және құрама ақпарат алу үшін қажет.
Мәліметтер регистрлерге құжаттарды өткізгенде ғана қосылады. Регистрлердегі мағлұматтар есеп берулерді қалыптастыру кезінде қолданылады. 1С:Кәсіпорын жүйесінде регистрлерді қолданудың классикалық схемасы келесідей көріністе болады: Құжаттар => Регистрлер =>Есеп берулер
Өлшемдер және ресурстар
Регистрлерді жобалау кезіндегі ең басты мәселе – оның құрылымын анықтау. Регистр құрылымы одан қажетті ақпаратты оңай өңдеумен алуға болатындай болу керек.
Регистр өлшемі – бұл ақпараттың сақталуын қажет ететін кескіндер.
Регистр ресурстары – регистрлерде сақталатын санды немесе соммалы мәліметтер.
«Тауарлар қалдығы» регистрінде әрбір қоймадағы әрбір тауардың бағасы мен саны жайында ақпарат болсын делік. 1С:Кәсіпорын жүйесінің идеологиясында мұндай регистр бір осінде қоймалар, екіншісінде – тауарлар, ал нақты қойма және нақты тауар қиылысында тауар саны және тауар бағасын көрсететін цифрлар орналасқан, тікбұрышты координат жүйесі түрінде болады.
Регистр: Тауарлар қалдығы
Өлшем: Тауар, қойма
Ресурстар: Саны, бағасы
Енгізілген тіл арқасында біз оңай жауап ала аламыз:
— нақты бір қоймадан нақты тауар қалдығы;
— барлық қоймалардағы нақты тауар қалдығы;
— нақты бір қоймадағы барлық тауарлар бағасы регистрлер қозғалысы.
Регистрлер қозғалысы
ТауарларҚозғалысы регистрі кесте түрінде келесідей көрсетіледі:
|
Тауар |
Қойма |
Саны |
Бағасы |
Кіріс |
Тауар4 |
Қойма1 |
15 |
200 |
Шығыс |
Тауар4 |
Қойма1 |
10 |
100 |
Кіріс |
Тауар4 |
Қойма1 |
5 |
50 |
… |
… |
… |
… |
… |
Бұл кестенің бір жағы «қозғалыс» деп аталады. Регистрде құжаттар өткізілген кезде ғана құрылады. Регистрлерде өлшемдер мен ресурстардан басқа реквезиттерді де құруға болады. Реквизиттер – бұл қозғалыс пен бірге жүретін мағлұматтар. Енгізілген тіл әдістемесінің арқасында реквизиттерінің берілген мәндерімен қозғалысты іріктеуге болады.
Регистрлер түрлері. 1С:Кәсіпорын жүйесінде регистрлердің екі түрі қолданылуы мүмкін: қалдық регистрлер және айналым регистрлер. Олардың айырмашылықтарын атауынан білуге болады және сақталатын ақпарат мінезінде; қалдықтар регистрлерде әрқашан құралдардың соңғы жайының ақпараттары сақталады, ал айналымдар регистрлерінде қол жеткізілген жылдық ақпараттар сақталады. Егер регистрлерден ағымдағы уақытта бір заттың қалдығын тез алу керек болса, онда қалдықтар регистрлерін жасау керек. Егерде кезең ішіндегі бір нәрсенің кірісі немесе шығысының регистрлері тез арада алу үшін айналым регистрлерін жасау керек.
Қалдықтар регистрі
Мысал ретінде өндіретін немесе кәсіпорын сататын тауар сатып алушылармен өзара есеп-айырысудың қадағалауын алайық. Кәсіпорын және өзара сатып алушының өзара қарыздары туралы тез арада ақпарат алу үшін әрбір сатып алушы үшін қарыз сомасы сақталатын «өзара есеп-айырысулар» регистрі қажет. Шаруашылықтар операцияның аяқталуымен байланысты регистр қалпы сәйкесінше өзгеріп отырады, өзара есеп-айырысулардың ағымдағы жағдайын көрсетіп отырады. «Өзара есеп- айырысулар» регистрі – бұл қалдықтар регистрі.
Айналымдар регистрі
Дегенмен «өзара есеп-айырысулар» регистрінен белгілі уақыт аралығында берілген сатып алушы мен сатып алынған сатылым көлемі жағдайында ақпаратты оңай ала аламыз. Осы сатып алушыға қатысты барлық қозғалысты талдап, содан кейін сатылымның жалпы сомасын анықтауға болады. Бірақ бұл ақпараттарды бұлжытпай алу керек болғанда, (мысалы, келісім-шарт бойынша сатылымның белгілі бір көлемде сатып алушыға шегерімдер беріледі) мұндай әдіс, әрине келмейді.
Мұндай жағдайда мәселенің шешілуі – айналымдар регистрін қолдану. Бұл регистрде оны «Сатып алу көлемі» деп атаймыз – қиылысында сатып алушылардың сатып алу көлемі (сатып алушылар айналымы) туралы ақпарат сақталынады. Күн, апта, ай және тағы басқа ақпараттың қандай кезеңділікте жилуын, айналымдарды тіркеу барысында көрсетуге болады.
Сонымен, шаруашылық операцияларды жасау барысында «Өзара есептесу» тіркеуінің жағдайын ғана емес, сонымен қатар «Сатып алатын көлемінің» тіркеуін де өзгерту қажет. Клиенттің әрбір сатып алу барысындағы сатып алынған нәрсесінің сомасының ақпаратын осы тіркеуге кіргізеді. Нәтижесінде «Сатып алатын көлемнің» тіркеуінде клиенттің жалпы сатып алатын көлемінің ақпараты әрқашан жиналып отырады.
Тауарларды сату
- «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-де тауарларды сату операцияларының есеп айырысуы автоматтандырылған. Сату операцияларының бейнеленуін мысалыға келтіріп көрейік.
Тауарларды жүзеге асыру «ТМҚ және қызмет көрсетуді жүзеге асыру» құжатымен толтырылады. «Сатып алушылар төлем шоты» құжаты негізінде «ТМҚ және қызмет