Төлен Әбдіков «Парасат майданы»

Көшеде кетiп бара жатқан әдемi келiншектi көрсең, пенделiк жеңiлтек сезiмге берiлiп, оған қызығасың. Бiрақ, сәл сабырға жүгiн. Ол келiншек өзiң секiлдi бiреудiң жары, қарындасы… Сенiң сәбиiң секiлдi бiр сәбидiң анасы. Мiне, осы жерде сен үлкен қатыгездiк пен табандылық көрсетiп, өзiңе “Тоқта!”- дей бiлуге тиiстiсiң. Өйткенi бостандық бiреуге залалың тимейтiн жерге дейiн ғана бостандық, одан әрi – қиянат. Егер тоқтай алмасаң, хайуани сезiмнiң құлына айналасың.

Төлен Əбдіков «Парасат майданы»

Дүниедегі ең жаман нәрсе — адамның өзінен-өзі қорқуы. Ондайда ішкі әлемің қатері көп қалың орманға ұқсайды. Бір адассаң, қайтып шығуың неғайбыл. Адасқан сайын қорқынышың ұлғайып, қорқынышың ұлғайған сайын, өзіңді-өзің бөтен адамдай сезінесің.

Төлен Əбдіков «Парасат майданы»

Адамгершілік деген қалаған кезде кіре салатын есігі ашық тұрған иесіз үй емес, үлкен рухани жігерді, төзімді қажет ететін, шарты қатал, кіруі қиын сәулетті ғибадатхана. Ал қиындыққа төздіретін, жігеріңді құм қылудан сақтайтын жалғыз нәрсе-өмірге рухани мән-мағынаны ізгілік қана бере алатынын арыңмен, жаныңмен сезінуің ғана.

Төлен Әбдіков «Парасат майданы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *