Ғафу Қайырбеков «Елтінжал»

Қаратауда қазақтың кіндігі қалған. Ол — «астана» деген сөз ғой. Ортақ ордаң болмаса, «астана» сөзі қайдан шыққан? Яғни астана болған. Астана болу үшін — мемлекет, халық болуы керек екені түсінікті шығар. Кейін қазақтың астанасынан алыс кетіп, үшке бөлініп бас қосуға бəріне бірдей жақынырақ жер іздеу себебі де содан. Басы қосылмау қырсығы да содан қалған. Мына біз келе жатқан Түркістан — сол астана болатын. Кейінгі дəуірдің өзінде де қазекең небір қасқа — жайсаңдарын, елге тұлға болған ірі перзенттерін осы Түркістанға əкеліп жерлеген. Қазіргі тілмен айтқанда — ол пантеон болған. Пантеон жасау — ол үлкен мəдениеттің ісі, асқан салттың жұмысы. Мемлекеті болған соң, соған сай мəдениеті болған, Отырар қаласы соны растайды. Ия, ол мемлекеттің есімі — Түркістан еді. Енді ол бір шағын қалашықтың атына көшкен. Тек сөз қалып қойған…

Ғафу Қайырбеков «Елтінжал»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *