Жазықсыз жапа шегіп, жаның жабырқап жүрген кезде жолыққан әйел махаббаты да сол сияқты. Мұндайда ер-азаматтың тәуекелі жетпейтін жерге қыздардың дәті барады. Өйткені, әйел — тіршілік көзі. Аспаннан мың бір пәле жауса да, тіршілік тоқтап қалуға тиіс емес. Қарлы шыңда жартасты жарып шыққан еңлік гүліндей, әйел махаббаты да гүл ашпай тұрмайды…
Қабдеш Жұмаділов «Таңғажайып дүние»