АНАР

АНАР — Ақмола обл-ның Аршалы ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы, т.ж. ст. Аудан орталығы — Вишневка кентінің оңт.-шығысында 24 км, Астана қ-ның оңт.-шығысында 95 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,4 мың адам (1997). Іргесі Қарағанды — Ақмола т.ж-н салуға байланысты 1932 ж. қаланған. А-да астық қабылдау пункті, жол пайдалану учаскесі, орта мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемесі, клуб, кітапхана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету пункті бар. Ауыл арқылы Ақмола — Алматы автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *