Құран жаттаушы адамға керек кеңестер!

Құран жаттаушы адамға керек кеңестер!

1. Алланың Аса құдіретті екеніне зәредей күмән келтірмеңіз. Аллаға шүбәсіз сеніңіз!
2. Құранды тек бір Алланың разылығы үшін жаттаңыз!
3. Жеңілдіктің бір Алладан екенін ұмытпаңыз!
4. Дүнияи істерді барынша қысқартыңыз. Құранға көп уақытыңызды арнаңыз!
5. Барлық күнәдан тыйылыңыз! Көзіңізді сақтаңыз!
6. Қазірден бастап Құран жаттауға мақсат қойыңыз. Дәл қазір Құран жаттауға кірісіңіз.
7. Құран жаттауға арнайы уақыт бөліңіз!
8. *Ақшам мен құптанның арасында Құран жаттаңыз! Бір қатардан бастаңыз. Уақыт өте 2, 3, 4, 5 қатарға дейін өсіріңіз! Таң намазынан кейін жаттаған аяттарды қайталаңыз!
9. *Не себепті осы уақыт аралығын айтып отырмыз! Себебі, бұл ең берекелі уақыт!
10. Өзіңізге жақсы ұстаз таңдаңыз! Жаттағандарыңызды ұстазға тексертіп тұрыңыз!
11. Ұстазға құрмет көрсетіңіз! Оның көзінше ұнамсыз қылық танытпаңыз!
12. Жаттаған сүрелерді намаздарыңызда оқыңыз!
13. Міндетті түрде тәджуит ережелерін үйреніңіз! Бұл сізге Құранды дұрыс оқуға, дұрыс жаттауға көмектеседі!
14. Намаздан кейін Алла тағаладан Құранды толық жаттаған бақытты құлдарынан қылуды сұраңыз! Әр дұғаңызда «Я, Раббым, Құранды тәджуит ережесімен, ешқандай қатесіз, ешқашан ұмытпайтындай жаттауды нәсіп ет» деп дұға қылуды ұмытпаңыз!
15. Жаттаған аят, сүрелерді өте көп қайталаңыз! Онсыз сіз жетістікке жете алмайсыз! «Ілімнің анасы қайталау» екенін есіңізден шығармаңыз!
16. 1 күндік, 1 апталық, 1 айлық қайталауға жоспар құрыңыз! Жаттаған әр бетті ең кемі 100 рет қайталаңыз! Одан көп қайталасаңыз өзіңізге жақсы!
17. Құран аяттарының қазақша мағынасын қоса оқыңыз! Жаттаған сүрелерге, аяттарға амал ету қайырлы іс!
18. Өміріңізді Құранмен әшекейлеңіз! Құран сізді екі дүниеде бақытты етеді. Бұл Алла тағаланың уәдесі!
19. Өзіңізге ұнайтын хафиздың Құранды толық оқыған аудиосын гаджетіңізге құйып алыңыз! Үнемі тыңдап жүріңіз!
20. Бірден көп жаттауға тырыспаңыз! Ынтаңызды жоғалтасыз! Аз-аздан, бірақ үнемі істелетін амал қайырлы!
21. Құран жаттауды бастағанда тек бір Құран кітабына үренгеніңіз жөн! Бұл Құран мәтіні мен бет нөмірін есте сақтауға септігін тигізеді!
22. Өзіңіз сияқты Құран жаттаушы бауырыңызбен жарысқа түсіңіз! Жақсылықта жарысу керек!
23. Жаттағандарыңызды жылдам оқып үйреніңіз! Жылдам оқу тәсілі – «Әл-қадр» деп аталады. Бұл сізге көп қайталауға, уақыттан ұтуға көмектеседі!
24. Құранды толық жаттағыңыз келсе «Қиямул-лейл» (түнгі намаз) тәһәджүт намазын тастамаңыз! Күн сайын осы намазды оқып, Аллаға қол жайып, дұға етіңіз! Расында, Алла тағала дұға еткен қолдарды бос қайтаруға ұялады!
25. Мүмкіндігінше садақаны жиі беріңіз!
26. Үйренгендеріңізді өзгелерге үйретіңіз! Өйткені, Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің»,– деп өсиет қалдырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *