Әбу Ханифаның дүниеден өтуі
Әбу Ханифаның һижра жыл санауы бойынша 150 жылы қайтыс болғандығын тарихи құжаттар растағанымен476, нақты қалай қайтыс болғанына қатысты мәліметтердің дені әр түрлі.
Дауіт ибн Рашид осыған байланысты былай дейді: «Халифа Әбу Ханифаға қазы болуды ұсынған еді. Ол бұл ұсыныстан бас тартқан болатын. Сол үшін оны азаптағанын көрдім. Әр күні зынданнан шығарып, 10 дүре соғылатын. Осылайша, 110 дүре соғылды. Оған «Қазылық лауазымды қабыл ал» деді. Бірақ, имам «Мен мұндай лауазымға лайық емеспін» деп бас тартады. Дүре соғылып жатқанда ол ақырын дауыстап: «Алла Тағалам! Құдіретіңмен мені олардың жамандығынан сақтай көр» деп жалбарынатын еді. Қазылық лауазымға отырмайтынын білгендіктен оның тамағына у қосып өлтірді»477.
Ал Ибн Баздауи Әбу Ханифаның түрмеге қамалып біраз уақыт қысым көргенін, кейін Мансұрдың туыс-тары өзара ақылдасып, Әбу Ханифаны абақтыдан шығарып алғанын айтады. Бірақ, пәтуа айтуға, халықпен жолығуына тыйым салынады. Үйінен шығуға рұқсат бермейді. Өмірден озғанша үйқамақта болады478. Басқа бір риуаятта Әбу Ханифа түрмеде жатып, халифадан, тіпті, ас-ауқатты да қабылдамағандығы айтылады. Осылайша, ол баласына: «Балам, айына тамағыма 2 дирхам жұмсаймын. Мен қия басып шыға алмаймын. Маған ас-ауқатқа қаражат тауып жеткізіп бер»479 дейді. Сөйтіп, Әбу Ханифа Халифа жіберген ауқаттан бас тартып, тек Куфадан алдырылған адал асымен күн көреді480. Әбу Ханифа түрмеден шыққаннан кейін Бағдатта 15 күндей төсек тартып жатып, қайтыс болғандығы да айтылады481.
Халифа Мансур ұсынған Шайх әл-ислам және Бас қазылық лауазымды қабылдамаған соң тұтқынға алынып, соңында арнайы бөлмеге қамалды. Екі-үш күн өтпей жатып, ауыр қысым көрсетіле бастады. Он бес күн өтпей жатып қайтыс болды. Қайтыс боларын алдын ала сезіп, сәждеге құлай кетіп, сол күйі Алланың рақымына қауышады.
Имам әш-Шафиғидың үлкен ұстаздарының бірі Хижаз аймағының фақиһы Абдулмалик ибн Журайж имам Ағзамның қайтыс болған хабарын естігенде:
«Бәріміз де Алла жаратқан пендеміз, ертелі кеш қайтамыз» деп дұға оқып
475 әл-Уасия
476 Ибн Сағыд, Табақат, 6-т., 368-369-б.; Сәймиәри, 94-б.; Бағдади, Тарих, 13-т., 330-б.
477 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 69-б. 478 Манақибу имам Ағзам 2-т, 15-б. 479 Хайсами, 87-б.
480 Р. Батыр, Әбу Ханифа жизн и наследие, 106-б.
481 Бағдади, Тарих, 13-т., 330-б
артынша: «Кемелдігін суреттеп, сөзбен жеткізе алмайтын бір ғалымнан айрылдық ау!» – деп өкінішін білдірсе, хадис саласында «әмир әл-муминин» деген атаққа ие болған имам Шұғба: «Бәріміз де ұлы иеміз Алланың алдына барарымыз ақиқат. Бұл – Куфа маңына сәулесін шашқан жарық нұрдың сөнгені. Бұдан кейін Әбу Ханифадай тұлғаны адамдар көре алмас», – деген екен.482
Қорыта келгенде, бұл риуаяттардың барлығында оның қазылық лауазымынан бас тартып, абақтыда ауыр азап көргендігі, түрмедегі дүре жазасынан немесе уланып қайтыс болғаны айтылады483. Нақты өліміне не себеп болғанын білмесек те, өлім оны мына дүние азабынан құтқарады. Ол өз ойынан қайтпай, әделетсіздікке көз жұма алмайтынын көрсетіп, мемлекеттік қызметке бармай, ілімнің абыройын сақтап, сол жолда шейіттіктің шәрбәтін ішті.
Халық қара жамылып, Бағдатта қаралы күн туды. Білімді, діндар, тақуа, көркем мінезді, парасатты Әбу Ханифа халық алдында сыйлы да ардақты еді. Сондықтан, Ирак фақиһының, ұлы имам ның жаназасына барша Бағдат халқы қатысты. Қала көшелері онымен қоштасуға шыққан адамдарға сыймай кетті484. Жаназасына 50 мың адам жиналғандығы, адамның көптігіне байланысты 6 рет жаназа намазы оқылып, сол күні асыр намазынан кейін ғана жерленгендігі айтылады485. Мүрдесі өзінің өсиетіне орай Бағдаттағы Хайзуран зиратының шығыс жағына қойылды486. Кейін Шәрәфулмүлк Әбу Саид әл-Мустәуи 1067
– жылы кесене тұрғызып, маңынан медресе салғызады. Қабірі қазіргі Бағдат қаласында өзінің атымен аталатын Ағзамия ауданында орналасқан487.
Абдулла ибн Мүбарак Бағдатқа ат басын тірегенде алдымен имам Ағазамның қабірін іздейді. Қабірінің басына барып: «Имам Нахағи қайтыс болды, орнына Хаммадты қалдырды. Хаммад қайтыс болды ізбасары етіп сені қалдырып кетті. Сен де бақилық болдың, бірақ, ізіңді жалғайтын дәл өзіңдей адам енді қалмады»,
– деп жылаған екен.488
Хакам ибн Майсара былай дейді: «Өз заманының әйгілі тәпсіршісі әрі имам ы Мұқатил ибн Сүлейменнің алдында дәріс алып отырған едік. Арамызда бір кісі түсін айтып: «Түсімде аспаннан ақ шапан киген бір кісі түсіп, Бағдаттағы ең биік «Мұсайб» мұнарасында тұрып: «Мына халық не жоғалтқанын білесің бе?»
– деп дауыстап тұр екен», – деді. Сонда Мұқатил: «Егер шынымен осындай түс көрген болсаң, адамдар арасындағы ең ғалым адам қайтыс болады екен», – деді.
482 Мауаһиб ар-Рахман 259- бет.
483 Яқуб ибн Шайба Ибн Мубарактан «Халифа Мансұр Әбу Ханифаның қазы болғанын қалады, ол бас тартты. Халифа Мансұр «сен боласың» деп ант етті. Әбу Ханифа «болмаймын» деп ант етті. Сонда Рабиғ ибн әл-Хажиб Әбу Ханифаға қарап
«Халифа Мансұр ант етіп тұр, көрмейсің бе?» дейді. Сонда Әбу Ханифа «Халифа Мансұр антының каффаратын өтеуге шамасы жетеді, деп өзі антын бұзудан бас тартады. Содан кейін оны түрмеге қаматып, сол жерде қайтыс болады. Хайзуран деген жерде жерленеді. әз-Зәхәби, 26-б.
484 Әбу Захра, Әбу Ханифа, 52-б.
485 Саймиәри, 93-б.; Хәйсәми, Хайратул-хисан, 208-209-б.; имам Ағзам қайтыс болар кезде өзін үкіметтің біреулерден заңсыз алып қойған жеріне емес, ешкмнің таласы жоқ адал жерге көмуін өсиет еткен екен. Сонда бұл өсиетті естіп, өзіне қысым көрсеткен халифа Әбу Жағфар тақуалығы мен адалдығына таң қалып: «Тірі яки қайтыс болған кезінде Әбу Ханифаға көрсеткендерімнен мені кім құтқара алар дейсің?!» деген екен. Әбу Захра, Әбу Ханифа, 49-б.
486 Сәймиәри, 93-б.; Зәхәби, Манақиб, 30-б.
487 Ю. Шефки Явуз // Әбу Ханифа, Ислам Энцилопедиясы (Түркия Дианет Уақфы), 10-т. 133-б., Стамбул, 1994
488 Әл-Манақиб әл-Кердери, 2-том. 113 бет.
Келесі күні таң атқанда имам Ағазамның қайтыс болғандығы туралы хабар келді. Қаралы хабарды естіген Мұқатил қатты егіліп жылады».489
Имам Ағзам қайтыс болған күні денесі жуылып болмай жатып, қаптаған қалың адам жаназа оқылатын жрге лық толды. Сәлден кейін алдын ала хабарлап айтылып қойғандай Бағдат халқы түгел жан-жақтан ағылып келе бастады. 6 рет қайталап оқылған намазға шамамен елу мыңнан астам адам қатысқан болатын. Өзінің өсиеті бойынша Бағдаттың шығысындағы Хайзуран мазарлығына жерленді. Аруланғаннан кейін ақшамда әрең дегенде жер қойнына берілген болатын. Жерленетін орынды өсиет етуінің себебі, ол жер мүліктік жағынан басы ашық таза жер болатын.490
Әбу Ханифаның замандасы Абдуллаһ ибн Мубарактың «Білімнің миы» деген491 даналықтың дариясы Әбу Ханифа артынан мұсылман үмбетіне өшпес із қалдырып, жарық дүниемен қош айтысып кете барды.