Алла елшісін мойындамаған адам − Алланы мойындамағанмен тең
Әбу Ханифа пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) сөздері мен амалдарына деген ықыласын қаншалықты ыстық екендігін мынадан байқауға болады «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында: «Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) айтқан барлық сөздерін естісек те, естімесек те, оған деген құрметіміз шексіз. Біз оған сенеміз және оның айтқандарының айдай ақиқат екендігіне куәлік етеміз»360 – деп, өз сезімін білдірген. Тағы осы кітабында
«Хазірет Мұхаммедті (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) мойындамаған адамның нендей жағдайда болатындығын сұраған шәкіртіне Әбу Ханифа: «Алла елшісін мойындамаған адам − Алланы мойындамағанмен тең» деп, бұл сөзіне дәлел ретінде Құраннан: «Жоқ, раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені төреші қылып, сонан соң сенің берген үкіміңе іштей ауырсынбай, толық бойсұнбайынша шынайы иман еткен бола алмайды»361 деген аятты оқыған.
Әбу Ханифа өзгелердің өзі жайында хадиске қарсы келеді деген жаласына сол кезде-ақ жауап берген. Бір риуаятта: «Қандай да бір мәселеге қатысты хадис- ке қайшы көзқарас айтқандығы жайлы оған хабар берілгенде, ол өзінің сүйенген хадисін дәлел ретінде келтіре отырып: «Аллаға және елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайшы көзқараста болған адамды қарғыс атсын! Алла бізге оны сый ретінде жіберіп, бізді құтқарды»362, – деген.
Бір күні араларында Әбу Ханифа да бар, хадис оқылып жатқан бір мәжіліске келіп қосылған Куфалық біреу «хадис айтуды қойыңдар» деген кезде, имам :
«Егер хадис болмағанда, ешқайсымыз Құранды дұрыс түсіне алмас едік»363 дейді. Тағы бір сөзінде «Араларында хадис оқып-үйренушілер бар кезде бұқара тура жолдан ауытқымайды, хадиссіз ілім үйренген кезден бастап бұзылады»364 деп, хадистің діндегі орны мен маңызын атап көрсеткен-ді.
357 Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 143-б.,
358 әз-Зәхәби, Манақибу имам Ағзам, 33-б; Ибн Абдулбәрр, әл-Интиқа, 144-б.,
359 Әбу Ханифа, Рисала ила Осман әл-Батти, 69-б.
360 Әбу Ханифа, әл-Алим уәл-Мутааллим (Имам Азамның беш әсері, М. Өз,) Стамбул, 1981, 27-б.
361 «Ниса» сүресі, 65-аят
362 Ибн Абдулбәрр, 141-б.
363 Шағрани, әл-Мизан, 1-т., 47-б.
364 Шағрани, 1-т., 48-б.