Алла елшісінен жеткен барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай!

Алла елшісінен жеткен барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай!
352 Хадис ілімінің бір саласы. «Жәрх» хадис жеткізушінің бойындағы кешіліктерді (есте сақтау қабілетінің нашарлығы, өтірікші, сенімсіздігі, пасықтығы, т.б.) анықтаса, «тағдил» рауидің бойындағы жақсы сипаттарын анықтап, сенімділігін дәлелдейтін ілім саласы болып табылады.
353 Қурәши, 1-т., 59-б.
354 И. Хаккы Үнал, 66-б.
355 Имамы азам Ебу Ханифе ве есерлери (аударып, түсініктеме берген А. Өзтүрік), Шәмил баспасы, Стамбул, 2010, 73-б.
356 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 256-бет

Хадис пен сүннеттің шариғатта ең негізгі қайнар көз екенін қабылдауда Әбу Ханифаның өзге мүжтәхид имам дардан ешқандай өзгешелігі жоқ. Осыған қатысты ол: «Мен кітаппен амал қыламын, егер одан таба алмасам, Алла елшісінің сүннетінен аламын…»357 – деп, алдымен Құранға, екінші кезекте хадиске қарайтынын ашық айтып, хадистен аттап кетпейтіндігін көрсеткен-ді.
Тағы қастерлі бір сөзінде: «Алла елшісінен жеткен барлық нәрсе мен үшін көзімнің қарашығындай»358, – дейді. Осман әл-Баттиге жазған хатында: «Біліп қой! Үйренген және басқаларға үйреткен нәрселердің ең абзалы – сүннет»359, – деген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *