Кімде-кім хадис үйреніп, оның тәпсірін үйренбесе, еңбегі зая кетеді
Фадл ибн Атыйя имам Ағзамнан дәріс алып жүретін. Бір күні имам
: «Ұлың қайда? Кімдерден ілім алып жүр?» – деп сұрады. Ол ұлының мұхаддистерден хадис ілімін алып жүргендігін айтты. Имам оның ұлын шақыртты. Имам ның алдына келген жас жігіттің қолындағы кітаптың сыртында « » «Зинадан туылған бала үшеудің кесапаты» деген сөздерге көзі түсіп: «Бұл не деген сөз?» – деп сұрады. Әлгі жас жігіт: «Бұл кәдімгі хадистегідей мағынада», – деді. Имам : «Бірақ, бұл сөз Құран мен хадиске қайшы ғой. Алла Тағала Құранда: « » «Біреудің күнәсы біреуге артылмайды»,337 « ْ» «Істеген жақсылығы өз игілігіне, жамандығы сорына»,338 « » «Егер бір жақсылық жасаған болсаңдар өздеріңе жасадыңдар, ал, жамандық қылсаңдар ол да өздеріңе»,339
« », «Тек істеген істеріңнің қарымтасын ғана көресіңдер», –
деген жоқ па?!. Бұл мәселеге байланысты тағы көптеген аяттарда айтылған», – деді. Фадыл: «Олай болса, хадистегі мағына нені білдіреді?» – деп сұрады. Имам
: «Бұл хадис белгілі бір себепке байланысты ғана айтылған. Зинадан туылған бір бала өсе келе, балиғат жасына жеткенде әкесі секілді ұрлық істеп, зина жасап, соңында өзіне қол салған болатын. Осылайша ол аталған үш түрлі күнаға барғандығы себепті солай айтылған», – деп жауап берді. Ибн Атыйя: «Міне, ілім деп осыны айт!» – деді разы болып. Имам Ағзам оған: «Кімде-кім хадис үйреніп, оның тәпсірін үйренбесе, еңбегі зая кетіп, өзіне үлкен мін арқалайды», – деді. Осыдан кейін Ибн Атыйя имам Ағзамның дәріс алқасына үздіксіз қатысатын болды.340
Яхия ибн Мағиннен бір кісі «Хадис жаттаған адам сол жаттаған хадистерін риуаят етуіне бола ма?», – деп сұрағанда, ол: «Әбу Ханифадан естуімше хадисті жаттап, оның мән-мағынасын түсінген адам ғана риуаят етуі керек» 341, – деді. Демек имам Ағзам хадис жаттаудан бұрын оның мән-мағынасын түсінуге айырықша мән берген.