Ей, фақиһтар, сіздер дәрігерсіздер
Имам ас-Саймаридың айтуы бойынша Абдулла ибн Омар (Алла олардан разы болсын) бір сөзінде былай дейді: «Имам Ағзам мен Ағмаштың кездесулерінің біріне куә болған едік. Ағмаш фиқһқа байланысты көп сұрақ қойды. Имам бәріне жауап беріп жатты. Соңында Ағмаш: «Бұл жауаптарды қандай дәлелдерге сүйеніп беріп отырсың?» – деп сұрады. Имам Ағзам ондаған хадисті «Сен маған пәлен-пәлен деген кісілерден былай деп хадис жеткізгенсің» деп, жеке-жеке хадистерді өзінен естігендей тізбегімен айтып бергенде, Ағмаш: «Менің жүз күнде риуаят еткен хадистерімді өзіме бір сағаттың ішінде риуаят еттің. Сені бұл хадистермен амал етеді деп ойламаған екенмін. Ей, фақиһтар, сіздер дәрігерсіздер, біз хадисшілер дәрі-дәрмекпен айналысушы дәріханашымыз. Әбу Ханифа, сен екеуіне де қабілеттісің!», – деп имам ның білгірлігіне таң қалған еді335.
Ибн Абдулбәрр осы айтылғанға қатысты Әбу Юсуфтың былай дегенін жеткізген: «Ағмаш екеуміз оңаша қалған бір сәтте ол маған сауал қойды, мен білгенімше жауап бердім. Ол: «Ей, Әбу Юсуф, бұл жауабыңның қайнар көзі қайда?» деп сұрады. Мен «Сенің маған айтқан хадисіңде» деп оған хадисті айтып бердім. Содан кейін ол: «Ей, Әбу Юсуф, мен бұл хадисті сенің әке-шешең қосылмай тұрып, (яғни, сен дүниеге келмеген кезден) білетінмін. Бірақ, оның мағынасын енді ғана сенен түсіндім» деп, өзі жеткізген хадистің мағынасын фиқһ маманы Әбу Юсуфтан үйренгенін айтады. Басқа бір риуаятта Әбу Юсуф былай дейді:
«Ағмашпен бірге отырған едім. Әлден уақытта біреу келіп, Ағмаштан әлдебір мәселенің жай-жапсарын сұрады. Ол оның сауалын жауапсыз қалдырмады. Айналасын шолып Әбу Ханифаны көзі шалады: «Әй, Нұғман! Мына бір сауалға жауап берші» деп, жауабын Әбу Ханифадан сұрады. Әбу Ханифа: «Мұның жауабы былай…» деп түйген ойын айтады. Сонда Ағмаш: «Бұл жауапты қайдан алдың?»
333 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 97-101 бет.
334 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 105 бет.
335 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 205 бет.
деп таңдана сұрайды. Әбу Ханифа: «Сенің бізге жеткізген хадисіңнен» деп жауап қатады. Бұдан кейін Ағмаш: «Біз дәріханашымыз, ал сендер дәрігерсіңдер»336 деп, Әбу Ханифаның хадисті терең түсініп, орынды қолданғанын мойындаған екен. Олай болса, хадисші болу бір басқа да, оны түсініп, үкім шығара білу бір басқа, бұл фиқһ мамандарын қажет етеді.