Менің хадисті көбірек меңгергім келеді
Мұхаммед ибн Язид әйгілі хадисшілердің бірі Амрдан білім алып жүреді. Ұстазы оған имам Ағзамның кітаптарын ерекше көңіл қойып оқуға кеңес береді. Сонда Ибн Язид: «Менің хадисті көбірек меңгергім келеді. Әбу Ханифаның кітаптарының не керегі бар?» – дейді. Сонда Амр: «Мен алпыс жыл бойы хадис оқыдым. Бірақ, Әбу Ханифаның кітаптарын оқығанға дейін истинжаның қалай болатынын нақты білмеген едім», – деген.334