Ұстаздан шәкірт озар
Әбу Ханифа хадис зерттеу мәселесінде, тіпті, өзінің ұстаздарын басып озған көрінеді. Зәхәби «Манақибу Әби Ханифа» атты еңбегінде имам Мисар ибн Қидамның «Әбу Ханифамен бірге хадис үйрендім. Бірақ, ол бізді шаң қаптырып кетті. Тақуалық жолға түстік. Соның өзінде бізден оқ бойы озық тұрды. Содан кейін фиқһ ілімін үйренуге кірістік. Бұл саладағы жетістігі болса да белгілі» дегенін жеткізеді331. Өз кезегінде имам Мисар ибн Қидам хадис саласында есте сақтау қабілеті мен тақуалық жағынан Ирактың мақтан тұтар тұлғаларының бірі әрі Әбу Ханифаның ұстазы еді332.
329 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 76- бет.
330 Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, 79- бет.
331 Зәхәби, Манақиб, 27-б.
332 М. Абдуррәшид ән-Нұғмани, Мәкәнәтул-Имам Әби Ханифа фил-хадис, Бейрут, 1416. Бұл еңбек түрік тіліне аударылған. Қараңыз: М. Абдуррәшид ән-Нұғмани, имам ы Ағзам Ебу Ханифенин хадис илминдеки йери, (ауд. Ә. Йылдырым,), Стамбул, 2004, 19-б.