Имам Ағзамды ұнатпайтындар кімдер?

Имам Ағзамды ұнатпайтындар кімдер?

Меккенің әйгілі фақиһы Абдулмажит ибн Әбу Рауадтың әкесі, өз дәуірінде асқан тақуалығымен, дарындылығымен танылған283 Абдулғазиз ибн Әбу Рауад:
«Әбу Ханифа біз үшін халық арасында бір сын тезіне ұқсайтын. Кім Әбу Ханифаны жақсы көрсе, оның әһлі сүннеттен екендігін білетінбіз. Ал, кім оны жақтырмаса, оның бүлікші топтан (әһлі бидғаттан) екендігін бірден сезетінбіз»,
– дейді.284
Әбу Ханифаның қандай да бір көзқарасы мен пәтуаларына сын айтушылар мұндай қадамға не сол мәселедегі имам Ағзамның алға тартқан дәлел-дәйектерін толық білмегендіктен, яки, оның терең талдауларына қабілеті жетпегендіктен барары сөзсіз. Алдыңғы және кейінгі буын өкілдерінің (сәләфтар мен халафтар) барлығы дерлік оның білімі мен тақуалығы, құлшылығы мен кемеңгерілігі және ерекше қабілеттері туралы тек мақтаудан басқа айтары болмаған. Сондықтан да білместік пен қызғаныштардан туындаған кейбір алыпқашпа сөздер мен жабылған жала, жағылған күйелердің титтей де мәні жоқ екендігін білген абзал.
Бұл туралы әйгілі ғалым Абдулуаһһаб аш-Шағрани былай дейді: «Ислам құқығындағы рай мектебі мен мәзһаб имам дарын сынау мәселесіне келер болсақ, олардың ешқайсысы да шариғат шеңберінен шықпаған. Олардың арасында көзқарастары ең қисындысы – имам Ағзам. Оған сын айтып, жала жапқандар ақырет күні жүздестіргенде қалай масқара болар екен деп ойлаймын. Жүрегінде нұры болған адам имам дардың ешқайсысына әдептен аттап тіл тигізбесе керек.
Мұхиддин әл-Араби «әл-футухат әл-Маккия» атты еңбегінде жеткізген адамдардың тізбегімен бірге Әбу Ханифаның: «Алланың дінінде өз ойларыңыздан бір нәрсе айтудан сақтаныңыздар. Кімде-кім сүннеттің шеңберінен шығытын болса, адасады», – деп айтқандығын жазады». 285
Имам аш-Шағрани аталған еңбегінің тағы бір жерінде пайғамбарымыздан (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бері бізге ислам шариғатын жеткізіп, шығарған үкімдеріне қарсы сөз айтуға, жоққа шығаруға қақымыз жоқ екендігін, әсіресе,
281 Мәуаһиб ар-Рахман фи Манақиб әл-Имам Ағзам Әбу Ханифа ан-Нұғман. Ибн Хажар әл-Һайтами, ауд: Манастрлы Ислаил Хаққы. Мисуак, Стамбұл, 2009. 51-бет. 282 М. әс-Сыбаи, әс-Сунна, 474-476-б.
283
284 Әл-Манақиб әл-Кердери, І-том. 91-бет.
285 Маканат Әби Ханифа фил-хадис, 134-бет.

Әбу Ханифаның көзқарастарын терістеу тіптен орынсыз екендігін, өйткені, имам Ағзам имам дардың көшін бастаған ең ұлық имам әрі мәзһаб имам дарының ең алғашқысы екендігін ескере келе, хадистерді пайғамбарымыздың кезеңіне ең жақын ғұлама табиғиндардан естігендігін тілге тиек етеді. Ол: «Біз секілділердің имам Ағзамға қарсы келуі мүлде орынсыз. Оның тақуалығы мен діндегі сақтығы, Аллаға құлшылығын үзбеген жоғары дәрежесі жұртшылыққа аян. Аллаға ант ете айтайын, мұндай қарсы келушілік тек көкіректегі көрсоқырлықтан ғана туындайды», – деген.286

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *