Имам әш-Шафиғидың құрметі

Имам әш-Шафиғидың құрметі

Бірде имам әш-Шафиғи Бағдатқа имам Ағзамның қабірін зиярат ете келгенде екі ракағат намаз оқиды. Намаз ортасында қолдарын көтермейді, таң намазын оқығанда күндегіше құныт дұғасын оқымайды. Яғни намаздарын ханафи мәзһабы бойынша оқиды. Сонда жанындағылар бұған таңданып, бұлай істеуінің
279 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 56-бет.
280 Макана имам Әбу Ханифа фи әл-хадис, Мұхаммед Абдуррашид ан-Нұғмани, ауд: Ибраһим Түфекжи, Стамбұл. 2010. 58-бет.

мәнісін сұрағанда, ол: «Мына қабірдің иесі имам ның айтқанына сәйкес, алдында әдептілік танытып, оған қайшы әрекет етпеуді жөн санадым», – деген екен.
Осы тұста ерекше назар аудара кететін бір мәселе имам әш-Шафиғи құрметін тек жалаң сөзбен айтып қана қоймай, ісімен де көрсетті. Негізінде құр сөзбен айтудан гөрі, оны өз ісімен көрсетудің ықпалы күшті болып табылады. Имам Ағзамның қадірін жете бағаламай жүргендер немесе білсе де мойындағысы келмейтіндерге әйгілі имам әш-Шафиғидың ісі – құрмет көрсету мен әдептілік танытуда үлгі ретінде ерекше маңызды.281
Имам Шафиғидің Әбу Ханифа жайында жағымсыз сөздер айтуы мүмкін емес, өйткені ол Әбу Ханифаны жолықтырмаған, тек, оның шәкірттерін ғана яғни, Мұхаммед ибн әл-Хасанды ғана жолықтырды. Осы шәкірті арқылы Әбу Ханифаның кітаптарын оқыған. Имам Шафиғидің Әбу Ханифаны жамандауы мүмкін емес, өйткені, имам Шафиғидің өзі Әбу Ханифа жайында: «Әбу Ханифа
– фиқһ саласында адамдардың атасы» деп мақтаған282.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *